«АСТАНАНЫҢ ЖАРЫҒЫ ӨШПЕУІНЕ МҮДДЕЛІМІЗ»

0 174

Токубаева

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі энергетик-мамандардың біліктілігі мен кәсібилігін тексерген еді. Осы сынақ барысында «Астанаэнергосбыт компаниясы» ЖШС директоры Данна Тоқубаева үздік деп танылды.

Астана қаласы күннен-күнге кеңейіп келеді. Халқының саны да көбейген елорданы энергиямен жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін тағы бір  мекемені құру қажеттілігі туындаған болатын. Осылайша, тұтынушыларды сапалы әрі сенімді электр жүйесімен жабдықтау үшін Астана әкімдігінің тікелей қатысуымен осы «Астанаэнергосбыт компаниясы» құрылды. Оның құрылтайшысы – «Астанаэнергосервис» АҚ. «Біз серіктестер мен тұтынушыларымызға қажетті ақпараттың неғұрлым қолжетімді әрі ашық болуын қалаймыз. Астаналықтарды тұрақты түрде сапалы электрмен қамтамасыз ету – басты қағидамыз», – дейді директор.

Бүгінге дейін осы серіктестіктің жұмысына байланысты жабдықтаушы мекемелерден, не мердігерлерден ешқандай  да шағым түспеген екен. Енді міне, компания басшысы Данна Хайруллақызы энергетика саласындағы біліктілігі жағынан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Үкіметтің 2012 жылғы Қаулысымен, мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, инженерлік-техникалық саланың мамандары, электр энергиясымен жабдықтаушы кәсіпорындардың басшылары да біліктілік тестерінен өтуге міндеттелгені белгілі. Бұл сынаққа алғашқылардың бірі болып қатысқан «Астанаэнергосбыт компаниясы» өздерінің осы саладағы  кәсіби маман екендіктерін дәлелдеп шықты. «Біз елорданың жарығы өшпеуіне мүдделіміз. Бұл – негізгі тіршілік тетігі. Бір сағат жарықсыз, жылусыз отырудың өзі қалалықтардың берекесін қашырып жіберетінін бәріміз білеміз. Сондықтан біздің компания біліктілігін одан әрі жетілдіріп, сенімді әрі сапалы энергиямен елорданы қамтамасыз ету жолында еңбек ете беретін болады», – дейді директор.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + four =