АСТАНАНЫҢ ТАБЫСЫ – ТОЛАЙЫМ, ЭКОНОМИКАСЫ – ҚАРҚЫНДЫ

0 292

гл

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізді.

Брифингке жүз жиырмадан аса журналист қатысып, бас қала әкімі олардың сауалдарына екі сағаттың үстінде жан-жақты жауап берді. Негізінен, әкім елорда дамуының маңызды бағыттарын айта отырып,­ «ЕХРО – 2017» көрмесіне дайын­дық, инфра­құры­лым­дық жобаларды­ жүзеге асыру, тұрғын үй құры­лысы, Астана­ қаласының автобус паркін түбегейлі жаңарту, ғимараттарды эсте­ти­калық кейіпке келтіру, энергия үнем­деу жөніндегі жобалар, сондай-ақ, тұр­ғын үй-коммуналдық, эко­ло­гиялық, әлеу­мет­тік-экономикалық және инфра­құры­лым­дық даму, басқа да мәсе­ле­лерге кеңінен тоқталды.

– Бүгін өздеріңізбен осындай айрықша жағ­дай­да алғаш рет бас қосып отырмыз. Баршаға мәлім, Астана – бұл ең алдымен еліміздің ер­те­ңін айшықтап тұрған Елбасының ерекше назарындағы қала. Әрине, бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Мемлекет бас­шы­сы­ның алға қойған нақты міндеттерін жүзеге асыру жолында атқарылып жатқан шаруалар аз емес,- деп бастады сөзін Иманғали Нұрғалиұлы.

Жалпы, 2013 жыл Астана үшін табысы – толайым, экономикасы – оңтайлы, әлеуметке қолайлы жыл болды. Осылайша елордамыз 15 жылдық мерейтойын беделі мен қуаты асқан, тұтас елдің дамуына өз үлесін қосқан жасампаз қала ретінде қарсы алды.

Мұның өзі – Елбасының «Астананы өзінөзі қам­тамасыз етуге қабілетті, қарымына қау­қа­ры сай шаһар ету» міндетінің  алғашқы жемісі.

Ең бастысы, бұл межеге біз нақты мақсатты жолмен ғана емес, ертеңге азық болатын қордалы қормен жеттік. Оған елордамыздың жалпы даму ахуалы куә. Мәселен, 2013 жылы қаламыздың жалпы ішкі өнімі 7 пайызға өсіп, 2 трлн 700 млрд теңгеден асты. Ал, өнеркәсіп өнімі 230 млрд теңге болса, орташа жалақы мөлшері 165 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық.

Биыл шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесінде олар өндіретін өнім­нің көлемі алғаш рет 1 трлн 100 млрд тең­геге жетті. Сонымен қатар, елордадағы индус­трия­лық-инновациялық даму бойынша жалпы бағасы 87 млрд теңгеден астам 19 ин­вес­ти­циялық жоба жүзеге асырылуда. Соның нәти­жесінде қаламызда үш мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Ал, қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, оның 12 мыңы шағын және орта бизнес саласында ашылды. Нәтижесінде, биыл қала қазынасына 600 млрд теңге салық түсті.

Осылай Елбасы белгілеген міндеттердің бар­лы­ғы да кезең-кезеңімен орындалып келеді.

Келтіріліп отырған сандар есепті кезеңде қала экономикасының нақты даму жағдайын көрсетеді. Елбасы қойып отырған өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне Астана бүгін таңда толық қол жеткізді. Мұның басты көр­сет­кіші – республикалық бюджеттен қаржы түсімінің өзгеріп, керісінше, қаланы дамы­туға жұмсалатын өз қаражатының ұлғай­тылуы.

Қазір қала экономикасында айтарлықтай өзгерістер бар. Біріншіден, соңғы бірнеше жыл ішінде жеке табыстың 2008 жылғы 25 пайыздан 2013 жылы 44 пайызға дейін өскендігі байқалады. Сонымен қатар, трансферттер мен кредиттер үлесі тиісінше 70 пайыздан 56 пайызға дейін біртіндеп азайған.

Екіншіден, Астананың аймақтық ішкі өнім көлемі ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 2,7 трлн теңгеге жетті. Бұл – 2008 жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Үшіншіден, мемлекеттік бюджетке түсе­тін­ қаржы қарқынды (орта есеппен жылына 30%) өсіп, 2008 жылғы 269 млрд теңгеден 2013 жылы 600 млрд теңгеге жетіп, екі еседен аса артып отыр. Сонымен қатар, жергілікті бюджетке осы түсімдердің тек бестен бір бөлігі ғана қалады. Нақ осы қаражатпен ғана елорданың барлық ағымдық және әлеуметтік шығындары толық қаржыландырылып келеді.

Ал, төртіншіден, бұл – инвестиция. Астана­ ая­ғынан нық тұра бастаған күннен бас­тап­ оның экономикасын көтеруге 4,8 трлн теңге, соның ішінде мемлекеттік қара­жат­тан­ 2 трлн теңге немесе барлық қаржының қырық пайызы салынған. Егер 1998 жылы бюджеттің үлесі 62 % болса, 2013 жылы ол 34 % немесе жалпы инвестиция көлемінен екі есеге дейін азайды. Керісінше, жекелеген инвесторлар үлесі 1998 жылғы 38 %-дан 66 %-ға дейін өсті.

Түптеп келгенде, бұл – өндіріс көлемінің 2008 жылғы 110 млрд теңгеден 2013 жылы 230 млрд теңгеге дейін айтарлықтай ұлғаюына әсер етті. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім мөлшері 1 трлн 100 млрд теңгеге жетіп, екі есеге жақын артты.

Бұл сандарды халықаралық «Moodys» агент­­тігі келтіріп отыр. Олардың зерттеуін­ше,­ 2013 жылы Астана қаласының кре­дит­тік­ рей­тингі «тұрақтылық» дәрежесінен «жа­ғым­­­дылық» дәрежесіне көтеріліп, тиі­сін­­­ше қарызы аз, экономикасы қарқын­ды қала ретінде танылған.

Бұл, ең алдымен қалыптасу мен даму жыл­да­рын­дағы бюджет инвестициясының мульти­пли­кативтік тиімділігін айқындайды. Өздеріңіз көріп отырғандай, аталған кезеңде Астана өзінөзі қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеп отыр. Бұған қоса, 2015 жылдан бас­тап республикалық бюджетке – 7,5 млрд теңге, 2016 жылы 17,3 млрд теңге көле­мін­де қаржы аударыла бастайды. Бұл – өте маңызды көрсеткіш, яғни, осы сәттен бас­тап Астана республикалық бюджет донор­ла­ры­ның төрт аймағы құрамына енеді.

Осылайша, ел басшылығы және Астана әкімдігі қабылдаған шаралар экономиканың жедел қарқынмен дамуына игі әсерін тигізуде.

Түбегейлі міндеттерін шешу мүмкіндігіне қарай қала өзінің басым бағыттарын өзгер­те­тіні түсінікті. Құрылыс жұмыстары жалғаса береді, ал, оның басты өлшемдері жыл сайын бір деңгейде, осының өзі аталмыш нарықтың тұрақтылығын аңғартады. Сондай-ақ, жос­пар­лы өсім инфрақұрылымды дамытумен тығыз байланысты. Әрі энергетикалық сек­торда бірқатар инвестициялық жобалар­ды жүзеге асыру деген сөз. Олар көпшілікке мәлім жәйттер, сондықтан тек негізгі өлшем­де­ріне ғана тоқталып өтемін.

Ең алдымен, ЖЭО-1, ЖЭО-2, сонымен қатар, жаңа қуат көзі – ЖЭО-3 құрылысын жаңғырту ісі басты міндет болып отыр. Өт­кен жылы ЖЭО-2-де төрт қазандықты іске қостық та, елорданы жылу энергиясымен қам­ту­да күрмеуі қиын мәселелерді жеңуге қол жеткіздік.

Қаланы сенімді түрде жылумен жабдықтау үшін төрт магистралды жылу желісін жаңар­ту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Мың­жыл­дықтар аллеясы, жаңа темір жол вокза­лы­ның маңын және қаланың Оңтүстік-шығыс бөлігін тұрақты түрде жылумен қамтамасыз ететін төртінші жылу магистралын салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, «ЭКСПО -2017» көр­ме­сін­ жылумен қамтитын 2015-2017 жылдары бесінші жылу магистралы құрылысын салу да жоспарлануда.

 Биыл ВЛ-220 кВ шеңбері бойынша құры­лыс-монтаж жұмыстары аяқталуда. Нысан іске қосылып, электр қуатын берудің тұрақты жүйесі бойынша жұмыс істеп тұр. Сол арқылы солтүстік аймақтардан келетін электр қуатының ағыны реттеліп, қаланы үздіксіз қуат көзімен қамтамасыз етуде.

Бұған дейін қалада өткізу мүмкіндігі 450 МВт-қа жететін шағын ВЛ 110 кВ шеңбері жұмыс істеп келген болатын. Электр қуатын пайдаланудағы қаланың жыл сайынғы тұтыну көрсеткіші орта есеппен 10%-ға өсетін көрінеді. Егер елордада тұтынылған электр қуаты 2011 жылы 490 МВт болса, 2012 жылы 584 МВт-қа жеткен.

ВЛ 220 кВ шеңберін пайдалануға бергеннен кейін электр желісінің өткізу мүмкіндігі жоспарланған 610 МВт-ның орнына 880 МВт-қа кеңейді.

Қазір қаланы жылумен және электр қуаты­мен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік жеткілікті.

Сайып келгенде, энергетикалық кешен құрылыс секторымен тығыз байланысты. Жыл сайын бір миллион шаршы метрден аса тұрғын үйді пайдалануға беріп келсек, 2013 жылы да елордада 1 млн 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Егер тұтастай алар болсақ, Астана ірге көтерген жылдардан бері мұнда 12 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліпті. Жалпы мемлекеттік қолдаудың арқа­сында және жеке үй бағдарламасы бойынша 18 мың отбасы немесе алпыс мың адам баспаналы болыпты.

Соңғы он бес жылда елорда тұрғындарын баспанамен қамту орта есеппен 15-тен 25 шаршы метрге дейін өсті.

Алайда, елорданың тұрғын үй қорын жаңар­ту адамдар өміріне қауіп туғызатын тозығы жеткен ескі үйлерді сүріп тастау­мен қатар жүргізілуге тиіс. Сондықтан, ол негі­зі­нен бағдарламалық деңгейде жүзеге асырылып жатқанымен, ең бастысы, алғаш­қы нәтижелер көріне бастады. Бұл жөнінде Сіздер білесіздер, өйткені, Ескі және апат­ты жағдайдағы үйлерді сүріп-тастау бағдар­ла­масын жүзеге асыру барысын көпшілігіңіз жарияладыңыздар. Алайда, бұл мәселе өте маңызды деп есептейтіндіктен, тағы да қыс­қаша тоқтала кетуді жөн санаймын.

Осынау бағдарламаның маңыздылығы сонда – ол нарықтық экономика жағдайында респуб­ликалық бюджетке қаржыны толық қайтару шарты негізінде тұңғыш рет­ қолға алынып отыр. Басқа сөзбен айт­қан­да, бұған дейін барлық аймақтар мен респуб­ли­ка­лық бағдарламалар трансферттерді қай­та­рым­сыз­ жүзеге асырса, бұл бағдар­ла­ма рес­пуб­ли­калық бюджеттен қарыз ақша алуды қарас­ты­ра­ды. Және оны біз мін­детті түрде жобаны іске қосып, пайда табу арқылы қайтаратын боламыз. Осы­ған орай, револьверлік тәсілмен ескі, апат­тық жағдайдағы үйлерді жою үшін осы бағдар­ла­ма­ны одан әрі жүзеге асыра береміз.

Аталған бағдарлама аясында 2017 жылға дейін тұрғындары жаңа үй алатын 228 апат­тық үй сүріледі. Сүрілетін үйлердің жал­пы алаңы 150 мың шаршы метрден асады. Онда тұратын 3519 отбасын баспанамен қамтамасыз ету міндеті тұр. Оның кейбір тетіктері мынандай: тіркелген отбасы мүшелерінің санына қарамастан, үй иесіне сүрілген үй қанша шаршы метр болса, сонша шаршы метр баспана беріледі. Өйткені, апатты үйлердің шаршы метрінің бағасымен нарық жағдайындағы жаңа үйлердің шаршы метрін салыстыруға келмейді.

Мұндағы пәтерлердің жетпіс пайызы нарықтық бағамен сатылмақшы. Бұл, бірін­ші­ден – қарызға алған ақшаны қайтаруға мүм­кін­дік берсе, екіншіден, бағдарламаны одан әрі жалғастыруға мүмкіндік туғызады.

Ағымдағы жылы 189 пәтерлік екі көп қабат­ты тұрғын үй кешені пайдалануға беруге дайын.­ Он­да он бір апатты үйдің тұрғындары қоныстанады.

Елорданың құрылысы туралы мәселе көте­ріл­се, көпшілікті қала құрылысының болашағы толғандыратыны рас. Қазір Елбасы бекіткен қаланы дамытудың Бас жоспарына сәйкес, алдымызда бес ең басты бағыт тұр.

Біріншісі, ол – Тәуелсіздік Сарайының артындағы «Қазақ елі» алаңы маңындағы «Мыңжылдық» аллеясы. Игерілетін жердің жалпы көлемі – 335 гектар. Қазірдің өзінде 42 құрылыс жүргізушісі анықталып, алты жер телімінде жұмыс басталып кетті. Ал отыз алты жер телімі жобалануда. Тұтастай алғанда, 2020 жылы бұл жерде 25 тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған.

Екіншісі – Орынбор көшесі бойында, «Мәңгілік ел» салтанат аркасы ауданында. Келешекте осы аумаққа елорданың ажарлы аудандарының бірі орналасады.

Қазіргі кезде құрылыс алаңы 182 га-ны құрап, 42 құрылыс жүргізушісі белгіленді. 10 учаскеде белсенді құрылыс жүргізіледі. Тағы 30 учаске жобалау сатысында тұр. Тұтастай алғанда, 2017 жылы 28 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

Үшіншісі – Тұран даңғылының бойында. Бұл, өздеріңізге мәлім, қаланың басты магистральдарының бірі, оның төңірегінде болашақта ірі нысандар бой көтереді. Жер аумағының жалпы ауданы 145 га құрайды, оны игеруге 24 құрылыс ұйымы дайын отыр. Бүгіннің өзінде 7 учаскеде құрылыс жұмыстары басталып, 17 учаске жобалау сатысында. 2016 жылға дейін 8 тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.

Мына бағытқа – «Жасыл орамға» айрықша тоқтала кеткім келеді. Оны жасау бастамасы Мемлекет басшысына тиесілі, онда «Жасыл экономика» ұстындарының бәрі пайдаланылады. Шынтуайттап келгенде, бұл тек елорданың келбетін ғана емес, сондай-ақ елдің имиджін де өзгертіп, оның экологиялық тепе-теңдікті сақтау, қоршаған ортадағы адамзат баласының үйлесімді даму қағидаттарына икемділігін арттырады.

Жоба бойынша аталған орам Сығанақ көшесінің солтүстік, Тұран даңғылының батыс, Комсомол кентінің оңтүстік және «Жағалау» ықшам ауданының шығыс жақ беткейлеріне жайғасады. Яғни, қаланың сәулеттік-идеологиялық әдібінде ерекше орын алатын «Ханшатыр» сауда орталығының маңынан қоныс тебеді.

Кәдеге жаратылатын жалпы ауданы 146 мың ш.м.-ді құрайды, соның ішінде тұрғын жайлар 100 мың және сауда-кеңсе орындары 45 мың ш.м-ден аса аумақты алады.

Қазіргі кезде мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік шартымен осы жобаны өз міндетіне алуға дайын тиісті инвесторлар да бар.

Тағы бір ірі жобаға бөле-жара тоқталғым келеді. Сіздер оны білесіздер, ол – Талдыкөл қорландырғышын жою жайы. Осы жоба бойынша жасалар жұмыстарды 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде, атқару көзделген. Небәрі үш жылдың ішінде, 2011-2013 жылдар аралығында 21 млрд теңге игерілді. Ал, оның жұмыстарын толықтай аяқтау үшін әлі 40 миллиард теңге қажет.

Бұл жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Сатылы кезеңмен қаржыландырып, қаражатты 2016 жылға дейін бөліп отырған жағдайда ол, алдын-ала жоспарланғанындай, белгіленген мерзімде бітеді.

Энергетика мен құрылыстан кейінгі қала шаруашылығының келесі ірі бөлігінің бірі – көлік инфрақұрылымы екені белгілі.

Соңғы үш жылда қалада 330 км-ден аса жол салынып, жөнделді. Шағын көлік айналмасын салу аясында 20,5 км жол, 4 жол айрығы, 3 жол өтпесі, 2 көпір салынды.

Соның ішінде ерекше коммуникациялық маңызы бар бірқатар көшенің құрылысы толықтай аяқталып қалды. Көпірлер, жолайрықтар, оңға бұрылыстар, жандама жолдар салынды. Мәселен, 2013 жылы Қорғалжын тас жолынан Сейфуллин көшесіне дейін Бейсекова көшесінің бойымен, әсіресе,  Есіл өзені арқылы жаңа көпірмен өтетін жол ашылды. Осылайша, Сарыарқа және Тұран даңғылдарындағы көлік ағыны тәулігіне 30 мың автомобильге дейін азайды.

Қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру саласында да елеулі өзгерістер болғалы тұр. Бұл жерде мен мынадай маңызды жәйтті түсіндіре кетер едім. Әңгіме халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері есебінен жүзеге асыру жоспарланған жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жобасы туралы болып отыр. Нақтылай айтқанда, Азия даму банкі арқылы қаржыландыру нұсқасы қарастырылды, ол экономикалық және әлеуметтік пайдалардың бүкіл жиынтығын талдай келе, жобаның тым қымбатқа түсетіндігі, демек, қазіргі кезеңде оның экономикалық тұрғыдан тиімсіздігі туралы қорытынды жасады.

Тұтастай алғанда, біз мұндай қорытындымен келісеміз. Мысалы, егер ұзындығы 21 км-ге жететін ЖРК-тің бірінші желісін салуға 250 млрд теңгеге жуық шығын кететін болса, онда тап осы учаскеге ТЖА (БРТ, бұл – арнайы бөлінген жол жолағымен жедел жүретін автобустар) желісін салуға бар болғаны 85 млрд теңге жұмсалады екен. Салыстырудың өзі айтып тұр ғой, осы екі жобаның баға айырмашылығы 151 млрд теңгедей екенін, ол 1 млрд доллар деген сөз.

Сондықтан, ТЖА жобасын жүзеге асырып, бірінші желісін 2016 жылы бітіру жөнінде келісімделген шешім қабылданды.

Ал, жалпы ұзындығы 63 км жобаны түгелдей бітіру тек сол жағалауды ғана емес, сондай-ақ, жолаушылар ағыны мол қаланың оң жағалауын да қамтуға мүмкіндік береді. Сол арқылы біз жолаушылардың елеулі мөлшерін қоғамдық көлікке аударып, жол қозғалысын жақсарта түспекпіз.

 

Құрметті әріптестер!

Тұтастай айтқанда, Астананың қала салу саясаты мынадай: елорда өзінің статусына сай болып, еліміздің тиісті сәулеттік өрнегі бар әкімшілік, саяси орталығы болып қала береді. Демек, мұнда ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістік нысандар болмайды. Бұл жөнінде Мемлекетіміздің  басшысы да өз ұстанымын айқын әрі ашық айтты.

Өнеркәсіптік әлеует дегеніміз – ең алдымен, қаланың экономикасы екені, оны тек қызмет көрсету секторы мен кәсіпкерлік үрдісі алмастыра алатыны түсінікті.

Қазіргі таңда ЖӨӨ құрылымындағы қызмет көрсету аясының үлесі 60%-дан  артып отыр. Сонымен бірге құрылыс пен өнеркәсіп оның үлесінің тиісті түрде 9 және 4 пайызын иеленеді.

Сондықтан, бізге елордада жайлы бизнес-ахуал орнату өте маңызды. Қаланың ырысы мен одан әрі өрлеуі нақ осы жұмыстың қалай ұйымдастырылатындығына байланысты болмақ.

Өйткені, қазір 180 мың адам немесе еңбекке қабілетті барша тұрғындардың бестен екісі осы салада істейді. Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны қазір 47 мыңға жетіп отыр. Осы көрсеткішті де ұлғайта түсуге тиіспіз. Оның үстіне, жыл сайын мұнда 60%-дан аса жаңа жұмыс орны ашылады.

Осы хақында айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілеріне көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдауды айрықша атап өту керек.

Әсіресе, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жайы.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 5 мыңнан аса бұрынғы жұмыс орны сақталып, 3,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекеттік бюджетке 1,7 млрд теңге төленді.

56,5 млрд теңгенің 273 жобасы мақұлданды. Бағдарлама бойынша қаланың 6 мыңнан аса кәсіпкері қолдауға ие болды.

Әлбетте, сұраныс пен ұсыныс заңы өз ырқын таңатыны белгілі. Сондықтан, Астана үшін көп жағдайда тұрғындар санының күрт өсуі шағын және орта бизнесті, әсіресе, қызмет көрсету аясын дамытуға ұйытқы болып отырғанын айтқан абзал.

Осынау қарқынды экономикалық өрістің ішкі және сыртқы миграция есебінен шаруашылық субъектілерімен де, тұтыну­шылармен де байыпты түрде толығып отыр­ғаны рас. Нарықтық қарым-қатыстар тұрғы­сынан алғанда, бұл өте тәуір үрдіс екені шүбәсіз.

Алайда, бұл үдерістің басқа бір жағы бар. Онда көптеген қала проблемаларының себептері бұғып жатыр.

Шапшаң дамушы қалалардың ешбірі белсенді миграция сияқты факторлардан құтыла алмағандықтан, осы мәселені бүгінгі брифинг мінберінен бөле-жара айтқым келеді.

Қарқынды дамуы арқылы елорда тұрмысқа жайлы мекен ретінде елдің барлық өңіріндегі азаматтарды өзіне тартып, баурап тұратынын түсінеміз. Олардың өз болашақтарын Астанамен сабақтастырғысы келетін табиғи тілек-қалаулары әлеуметтік салаға зіл батпан жүк артатын ауқымды ішкі миграцияға түрткі болады.

Төрелігін өздеріңіз айтыңыздаршы, жыл сайын елордаға тұрақты тұру үшін 50 мыңнан аса адам келеді екен. Мысалы, осы жылдың басынан қаланың ХҚО-нда республиканың өзге өңірлерінен елордаға келуші 101283 адам тіркелген, ал тіркеуден шығып кеткендердің саны небәрі – 22747. Яғни, 78 мыңнан аса адам қалаға тұрақтап қалған.

Ал, сайып келгенде, бұл балабақшалардағы орын тапшылығына киліктіреді. Біздің қалада бүгінгі таңда 6 жасқа дейінгі 110 мың бала тұрып жатыр.

Әрине, біз бұған қуанамыз. Бірақ, басқа жағынан алып қарағанда, қаланың мүмкіндігіне қарай балабақшаға 32684 бүлдіршін барып жүр. Сөйте тұра, қазіргі кезде кезекте әлі 72000 бала тұр. Және де бұл соңғы 4 жыл ішінде қалада алуан тұрпаттағы 80 балабақша салынғандағы жағдай. 2014 жылы тағы 17 мектепке дейінгі мекемені пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Осыған орай бір мысал айтайын. Өткен ай ішінде ақпарат құралдарында 9 ай ішінде Павлодар облысына тұрақты тұруға келгендердің ресми статистикасы жарияланды. Сонда облысқа 3640 адам келгені, 4919 адам кетіп қалғаны көрсетілген. Олардың 34%-дан астамы, яғни, 17000 адам тұрақты мекен ретінде Астананы таңдапты.

Бірден айтарым, Павлодар облысын мен шартты түрде атадым. Жәй-ахуал өзге өңірлерде де осы тақілеттес деп ойлаймын. Мұны да біз бүгінгі күннің дәйекті шындығы ретінде мойындауға тиіспіз. Қандай жағдайда  да бәрін аймақтарға аудара салмаймын, бірақ та, егер барлық өңірлерден көшіп келушілердің санын шамамен есепке алар болсақ, көңіл алаңдарлық деректер көлбеңдеп тұрады.

Ал, енді тап осындай ахуал қалыптасып қалған екен, біз де шиеленісті мейлінше ширықтырмай шешуге тырысамыз. Өтпелі жылы 8 балабақша іске қосылды. Тұтастай алғанда, 2020 жылға дейін Астанада тағы 100-ге тарта балабақша салуды жоспарладық.

Мектептердегі жәй-ахуалға келейік.Мұнда 23 мыңнан аса оқушы орны жетіспейді. Тек осы оқу жылында өзге өңірлерден Астанаға 5 мың мектеп жасындағы бала келді, ал бұл – төрт жалпы білім беретін мектеп оқушыларының санына тең көрсеткіш. Қаланың өз демографиясы туралы айтпағандағы жағдай осы.

Алайда, ауқымды миграциялық ағынға қарамастан, біз қалалықтардың орта білім алу құқыларын жүзеге асырулары үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз.

Биыл 4 мектеп тапсырылды, 2014 жылы 10 мектеп пайдалануға беріледі, яғни, сол осы 10 мектеп салынып жатыр, 2014 жылы іске қосу жоспарланған, келесі жылы да тағы 5 орта білім нысанының құрылысына кірісеміз.

Денсаулық сақтау саласында барлық күш-жігеріміз тура бір жыл бұрын екі есе жүктемемен жұмыс істеген емханалардың жүгін жеңілдетуге бағытталған.

Осынау зәруліктің олқысын толтыру мақсатында, екі ауруханадан басқа, бір емхана қатарға қосылды. Ағымдағы жылдың тура желтоқсан айында 500 келушіге арналған тағы бір амбулаториялық-емханалық кешен ашылды.

Осы емхананы іске қосып, 2014 жылдың екінші жартысында Сол жағалаудың 19-көшесіндегі 500 келушіге арналған АЕК-ні, сондай-ақ, Ильинка кетіндегі және Досмұхамедов көшесіндегі емханаларды пайдалануға берген соң елорданың емханалық саласы нормативті жұмыс режиміне көшеді. Яғни, 2014 жылдың соңына таман біздің емханаларда ұзыннан-шұбақ шіретті болдырмауды жоспарлап отырмыз.

Қорыта келе, болашақ Астананың негізгі жобаларын қысқаша атап өтейін.

Біріншіден, ЭКСПО-ға әзірлікке байланыс­ты инфрақұрылымдық жоспарларды жүзеге асыру. Бұл, ең алдымен көрме өтетін аудан мен ЭКСПО қалашығының өзін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Жобалар нобайын брифинг алдында қабырғадан өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл – елорданың Сол жағалауын, әсіресе, «Мыңжылдық аллеясы», Жаңа  темір жол вокзалы маңайын және қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігі мен ЭКСПО өтетін ауданды қамтамасыз ететін 4-інші және 5-інші тармақты жылу магистральдары.

Екіншіден, 2017 жылға дейін шамамен 5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады.

Үшіншіден, Астананың автобус паркі түбегейлі жаңартылады. 2014 жылдан бастап-ақ қала автопаркіне 350 жаңа автобус алынады.

Экономикалық тиімділікті, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, «ЭКСПО-2017» көрмесінің сұранымдық ресімін қамтамасыз ету мақсатында автобустар газ жабдығымен жасақталады. Яғни, жанар май орнына газ тұтынылады.

Төртіншіден, қала ғимараттарына эстети­калық кейіп дарыту қамымен көп пәтерлі тұрғын үйлерді термомодерндеу және қайта жасандыру бағдарламасы қолға алынады.

2014 жылғы реконструкция жұмыстарының бірінші легі сол жағалаудағы 27 құрылыс нысанын және келешектегі ТЖА жолы өтетін желі бойын қамтиды.

Бесіншіден, энергия сақтау жөніндегі жобалар. Мұнда біздің ой жүйеміз айқын. Нақты кезеңде қалада 2013-2015 жылдарға арналған Энергия сақтау жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Ең алдымен, бұл – энергетика жүйесіне менеджменттің жаңа ұстындарын енгізу.

Қазіргі кезде жылына 1500 тоннадан аса шартты түрдегі отынды тұтынатын кәсіпорындардың мемлекеттік энергетикалық реестрі жасалды. Бұл – шамамен 12 млн кВт/сағ. немесе 10 мың Гкал. Талдау деректеріне сүйенсек, қазір Астана қаласында осындай 49 нысан бар екен. Олар 5 жыл ішінде энергетикалық ресурстарды тұтынуды 25%-дан кем емес мөлшерде азайту жөнінде міндеттеме ала отырып, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен келісім жасасады.

Бұған қоса, жылу энергиясын есепке алу құрылғысы, жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйесі, сорғы стансаларындағы жиілікті-реттеуші түрлендіргіштер тәрізді тетіктерді енгізу энергия шығынын 20%-ға дейін  кемітуге мүмкіндік берді.

Магистральды желілердегі техногендік сипаттағы апаттар 1,5 есеге азайды.

Келесісі – әлеуметтік сала нысандарына термомодерн нышандарын енгізіп, жылумен, сумен қамту жүйелерін ауыстыру жайы. Олардың экономикалық және энергетикалық тиімділігі бүгінгі энергия ресурстарын тұтыну көлемінің 30 %-нан асады деп бағалануда.

Нақты кезеңде қаланың бюджеттік саласының нысандары энергия ресурстарын есепке алу қондырғыларымен 100 %-ға жабдықталған, осы іс-тәжірибені жалғастыра бергіміз келеді.

Одан әрі реактивті қуаттылықты өтеу технологиясын пайдалану жайын айтайық. Энергия сақтаудың осы бір мейлінше қолжетімді, тиімді де қарапайым тәсілі белсенді қуат тұтынуды 10 %-ға төмендетіп, желі тораптарындағы кернеу деңгейін ұлғайту есебінен электр қуатының сапасын жақсартуға жеткізеді.

Тұтастай алғанда, Энергия сақтаудың кешенді бағдарламасы 2015 жылға таман қомақты тиімділік көрсеткішіне:

– жылына 78 млн киловатт/сағат электр қуатын;

– 170 мың Гекакаллорий жылу қуатын;

– 48 мың тонна шартты отынды үнемдеуге алып келеді;

– жылына 145 мың тонна СО2 бу газдарының атмосфераға таралуының бетін тойтарады.

Әрине, осы шаралардың барлығы – астаналықтардың тұрмыс кешуіне қолайлы жағдай жасау қамымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз атқарып жатқан кешенді жұмыстардың бір парасы ғана

Сонымен, жүздесу барысында қысқаша айта­йын дегенім осылар еді.

 

Қадірлі қауым!

Көріп, естіп отырсыздар, Ел ордасында атқарылып жатқан шаруа аз емес. Елбасының әрбір бастамасы баянды жалғасын тапса, әрбір тапсырмасы тиянақты шешімін табуда. Ол да болса Астананың мол мүмкіндігі мен Елбасының ерекше қамқорлығының арқасы.

Алда күтіп тұрған іс те көп, жұмыс та жетерлік. Оның біразын жоғарыда тарқата айттық. Десе де, бәрін тізіп бір баяндамада көрсету мүмкін емес.

Сондықтан көкейде жүрген пікір-сұрақтарыңыз болса, тыңдап, тиісті жауабын беруге әзірмін.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 13 =