Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астананың азық-түлік қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген

Мәлика БЕКТҰРОВА, Астана қаласы әкімінің орынбасары

0 255

Бас қаламызда қазір 1 миллионнан аса адам тұрады. Жыл сайын 50 мыңға жуық жаңа тұрғындардың көшіп келуін ескеретін болсақ, алдағы уақытта халық саны үздіксіз өсе беретіні белгілі. Халық саны өскен сайын, азық-түлік өнімдеріне деген сұраныс та артады. Ал елорданың азық-түлік қауіпсіздігі қаншалықты қамтамасыз етілген? Биыл қанша зауыт, базар, ірі сауда орталықтары, азық-түлік өнімдерін сақтайтын қоймалар ашылады? Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Осы және басқа сауалдарға жауап іздеп, Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұровамен арнайы сұхбаттастық.

Нан, ұн, макарон және шұжық өнімдері өзімізде өндіріледі

– Малика Ерланқызы, елорда тұрғындары жылына қанша тонна азық-түлік өнімдерін тұтынады? Соның ішінде қанша пайызын қала өзі өндіреді және қанша пайызы азық-түлік белдеуі аймағынан жеткізіледі? Қазір қала өзін қандай өнімдермен толықтай қамтамасыз етеді?
– Өздеріңіз білесіздер, биыл елордамыздың 20 жылдық мерейтойын тойлаймыз. Жиырма жылда Астана шағын қаладан үлкен мегаполиске айналды. Бас қаламыз – бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанның беткеұстар құндылығының бірі. 20 жылдың ішінде қала халқының саны 3,5 есеге өсті. Осыған орай, қаланың азық-түлік түрлерін тұтыну көлемі де ұлғайды. Астана халқы жылына 700 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұтынады. Бұл шамамен 230 миллиард теңгені құрайды. 700 мың тоннаның 22 пайызын – қаланың өз өндірісі, 31 пайызын – Астананың айналасындағы азық-түлік белдеуінен жеткізілетін тауарлар, 47 пайызын еліміздің басқа өңірлерінен және импорт есебінен жеткізілетін тауарлар құрайды. Айта кетейін, климаттық жағдайларға байланысты Қазақстанда өспейтін банан, апельсин, мандарин және т.б. экзотикалық жеміс-жидектер шетелден келеді. Жалпы алғанда, барлық азық-түліктердің 70-80 пайызы елордаға жақын облыстардан және басқа өңірлерден әкелінеді. Қазір қала нанмен, ұнмен, макарон және шұжық өнімдерімен өзін-өзі толықтай қамтамасыз етеді. Қалған тауарлар (жұмырт­қа, қызылша, картоп, сәбіз, қияр, қызанақ, құс, жылқы, сиыр, шош­қа еті және т.б.) сауда-экономикалық қатынастар туралы келісімнің негізінде азық-түлік белдеуі аймағынан және еліміздің өзге өңірлерінен жеткізіледі. Бір мысал келтірейін. Былтыр ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде ағылған туристердің есебінен қаланың азық-түлік түрлерін тұтыну көлемі 30 пайызға дейін артты. Соған қарамастан, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде ешқандай қиыншылықтар болған жоқ. Өңірлермен бірлесе отырып, елордаға азық-түліктерді үздіксіз жеткізіп отырдық. Азық-түлік тауарларының бағасы да өскен жоқ.
– Сіз келтірген статистикалық деректерден қаланың азық-түлікке келгенде жақын орналасқан облыстарға, басқа өңірлерге тәуелді екенін көріп отырмыз. Осыдан келіп жеткізілген өнімдерді бүлдірмей сақтау және өзіндік өнімдер­дің көлемін ұлғайту деген мә­селе туындайды. Бұл мәселелер қалай шешілуде және инфра­құрылым желісін дамытуға қатысты биыл қандай жобалар іске асырылады?
– Дұрыс айтасыз. Қала азық-түлік өнімдерін жеткізуге өзге өңірлерге тәуелді болғандықтан, ең алдымен азық-түлік тауарларын сақтау және өндіру инф­рақұрылымының желісін дамытуымыз қажет. Қазіргі кезде қала аумағында 135 мың шаршы метр өнімдерді сақтайтын алаңдары бар 8 сауда-логистикалық орталық жұмыс істейді. Жалпы сақтау сыйымдылығы 42 мың тоннаны құрайтын 8 көкөніс қоймалары, өнімділігі жылына 1700 тоннаны құрайтын 1 жылыжай бар. Бұған қосымша 9 мың тонна өнім сақтай алатын 5 нысан және жалпы қуаттылығы 4850 тонна болатын 2 жылыжай салынып жатыр. Олардың құрылысы 2020 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Астана – жаңа қа­ла» арнайы экономикалық аймағы аумағында үш жоба жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, біріншісі – тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіретін көп бейінді және көп функционалды кешен, көкөніс сақтайтын қоймалар, логистикалық орталық («Мир круп» ЖШС-і), екіншісі – «Жылдам тамақтанатын өнімдер шығаратын комбинат» («KazBrand» қазақстандық азық-түлік компаниясы» ЖШС-і), үшіншісі – ұн, макарон, нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауыт, тоңазытқыш қоймаларының логистикалық орталығы («A-FormatMedia» ЖШС-і). Бұл жобалар биыл іске қосылады. Яғни өзіміз өндіретін азық-түлік көлемі ұлғаяды. Оны сататын, өткізетін ірі сауда нүктелерінің қажеттілігі туындайды. Қазіргі таңда қала аумағында 2075 сау­да нүктелері (34 сауда-саттық және ойын-сауық орталықтары, 62 супермаркет, 1 гипермаркет, 25 базар, 1953 ұсақ сауда нүктелері) бар. Біз елорданың сауда секторына талдау жүргізіп, қазіргі заманғы форматтағы ірі сауда нысандарының қажеттілігін анықтадық. Мәселен, 3 ірі зәкірлі сауда-саттық және ойын-
сауық орталықтарын (шамамен әр орталықтың ауданы 80-100 мың шаршы метр болады) салу қажет. Сонымен қатар, экспресс-форматтағы 15 сауда нүктелерін (орташа алғанда әр сауда нүктесінің ауданы 500-1500 шаршы метрді құрайды) ұйымдастыру да уақыт талабынан туындап отыр.

Айта кетейін, бүгінге дейін екі жобаны жүзеге асыруға кірістік. Оның бірі – Есілдің сол жағалауында бой көтеретін «Magnum Cash&Carry» гипермаркеті. Онда 22 мың түрлі өнімдер сатылады. Жобаның құны – 10,6 млн АҚШ долларын құрайды. Жер учаскесінің ауданы 3,5 гектарды құрайды, құрылыс мерзімі – 12 ай. Екіншісі – Сары­арқа ауданында 3,2 гектар жерде салынатын Гастрономиялық базар. Жобаның құны – 2,8 миллиард теңге. Құрылыс мерзімі – 20 ай. Бұл нысан Ш.Айтматов және С189 көшелерінің бойында орналасады. Бұл нысандардың Астана маңындағы және азық-түлік белдеуіндегі кәсіпорындарға өз өнімдерін өткізуге зор мүмкіндік береді.

 

Елордада азық-түлік тапшылығы жоқ

– Малика Ерланқызы, Астананың азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына арналған дөңгелек үстелде жеміс-жидектердің маусымдық қымбаттауын бол­дыр­мау үшін көтерме-бөлгіш орталықтар салу туралы ұсыныс айтылды. Осындай орталықтар елордада қашан ашылады және оның жұмыс механизмі қалай құрылады?
– Өзіңіз байқағандай, мұндай орталықтар жүйесіне қатысты әртүрлі ой-пікірлер айтылды. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі ол тек өнімді сату алаңы болуы керектігін айтты. Турасын айтсақ, егер өнім өндіруші өз тауарын әкеліп, сата алмаса, ондай көтерме-бөлгіш орталықтың қандай пайдасы бар? Менің ойымша, ең алдымен та­уар өндірушілердің өнімді өңдеу­ден бұрын, оны қалай сататыны жөнінде нақты жоспары болуы шарт. Ақмола облысындағы «Родина» кәсіпорны өзі өнім өндіреді және оны сата алады. Сол сияқты. Демек, нарық заманында әр өнім өндіруші ертеңгі күні тауарын қалай сататынын алдын ала болжай білуі керек. Ал біз өз тарапымыз­дан қажетті қолдау көрсетеміз. 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Рес­публикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы Астанаға жалпы құны 627,3 млн теңгені құрайтын 18 субъектіге жәрдем­ақша берілді. 2018 жылы осы бағдарлама бойынша бас қалаға 449,1 млн теңге бөлініп отыр. Қаланың агроөнеркәсіптік кешеніндегі 33 субъектіге мемлекеттік қолдау көрсетуді жоспарладық. Осы ретте Президенттің бес әлеуметтік бастамасында көрсетілген «Шағын несие беруді көбейту» жөніндегі бастамасы азық-түлік өндірушілерге үлкен қолдау болып отыр. Жалпы алғанда, елордамыздың азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты ахуалға жасалған талдау көрсеткендей, тамақ өнімдеріне деген тапшылық жоқ.
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұ­рақ­тандыру бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? «1000 орын – көше саудасы» деген бағдарлама барын білеміз. Алайда көшедегі сауда нүктесін немесе жерді алғанда бармақ басты, көз қысты іс-қимылдарға жол беріліп жүрмей ме?
– Қаланы алуан түрлі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін отандық өндірушілерге ішкі нарыққа еркін кіруге жағдай жасалған. Мысалы, «Шапағат» коммуналдық базарында 55 отандық өндіруші өз өнімдерін тұтынушыларға ұсынады. Ірі отандық ет өндірушілермен (атап айтсақ, «Агроөнім» ЖШС-і, «Абай» ЖК) белгіленген көтерме бағамен (1300 теңге/келісі) үздіксіз ет жеткізу туралы шарт жасалды. Мұндай шарт еттің бағасын (бөлшек саудада – 1350 теңге/келісі) тұрақты ұстауға мүмкіндік береді. Қымбаттауы мүмкін деген өнімдер (күріш, қарақұмық, қант, картоп) бойынша тұрақтандыру қоры құрылған. Қорға барлығы 2800 тонна өнім (1500 тонна қант, 500 тоннадан күріш пен қарақұмық, 300 тонна картоп) сатып алдық. Тұрақтандыру қорындағы өнімдер сауда нарығындағы бағадан 20 пайызға төмен бағамен сатылады. «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша бүгінге дейін 630 алдын ала шарт жасалды. Соның ішінде азық-түлік тауарларының өзіне ғана 146 орын бөлінді. Алдағы уақытта жер телімдерін беруді рәсімдеу процесін электрондық форматқа ауыстырамыз. Оның бәрі цифрландырылады және блокчейн – тізімді бөлу жүйесі енгізіледі. Бұл, өз кезегінде, қандай да бір заңсыз әрекеттер жасауға жол бермейді. Әрі процесс ашық болады.

Сұхбаттасқан
Төлен ТІЛЕУБАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды