«АСТАНАНЫ» МАРАПАТТАДЫ

0 93

5953e486cfea1fc58d7fb7e9934

Кеше Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков «Астана» ФК футболшылары мен жаттықтырушылар штабына алтын медаль табыс етті.

«Астана» командасы осы күнге дейін өзінің аз ғана тарихында екі мәрте Қазақстан кубогына, Су­пер­кубок пен күміс жүлдеге қол жет­кізген болатын. Бірақ, бүкіл атақ­тың ішінде чемпион ғана жоқ еді.

2014 жылы жас клуб бұл шыңды да бағындырды. Станимир Стой­ловтың тәрбиеленушілері жеңіске деген ынтасы мен шеберліктерін көрсетті. Олар басты қарсыласы – «Қайрат» командасын чемпио­наттың аяқталуына бір тур қалғанда жеңді.

Өткен жылы елордалық команда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Астана» президенттік кәсіптік спорт клубының бір бө­лігіне айналды. Сонымен қатар, биыл «Астана» УЕФА Еуропа лигасында да лайықты өнер көр­сетті. Арменияның «Пюник», шве­циялық АИК және Испанияның «Вильярреал» командаларымен керемет ойын көрсетіп, жанкүйер­лерін қуантты.

СҮБЕЛІ СӨЗ

Әділбек Жақсыбеков, ҚФФ президенті:

– Қазақстан футбол федера­ция­сының және футбол қоғамының атынан «Астана» футбол клубын футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының 2014 жылғы маусымында мерзімінен бұрын жеңіске жетуімен құттықтаймын!

Бұл – табанды күрес нәтижесінде қол жеткізген жетістік. Турнир барысында «Астана» өзінің шеберлігін, психологиялық тұрақтылығын, же­ңіс­­ке деген ынтасын ғана емес, соны­мен қатар, әдемі ойын да көрсете алды.

Команданың чемпиондық титулы – футбол клубы қызметінің барлық салаларындағы сауатты әрі дұрыс жүргізілген жұмыстың жемісі. Әрбір команда мүшесінің өз ісінде үздік болу ниеті мен ұмтылысы ұжымға биылғы маусымда жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.  «Астана» ФК-ның алдағы уақытта да табысты өнер көрсететініне, жанкүйерлерін жақсы ойынмен қуантып, қазақстандық футболдың игілігіне өзінің дамуын жалғастыратынына сенімдімін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 2 =