Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астананы аралап балалар мәз

0 188

Оңтүстік Қазақстан облысы елордамызға екінші рет балалар экскурсиясын ұйымдастырып отыр. «Ұлы дала елордасы» деп аталған бұл саяхат аясында Астанамыздың көрнекі жерлерін аралату үшін облыстың түкпір-түкпірінен 83 бала іріктеп алынған. Олар, негізінен, көп балалы отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасында өсіп жатқан балалар мен түрлі білім, өнер сайыстарының жеңімпаздары.

Кеше таңғы 7-де пойыздан түскен балалар таңғы асын ішкеннен кейін алдымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітап­ханасында болды. Баршаға белгілі, бұл кітапхана кітаптар мен басқа да баспа өнімдерінен ғана тұрмайды, мұнда Елбасымыздың өмірі мен еліміздің тарихынан сыр шертетін мұражай, мұрағат бар. Аумағы 30 мың шаршы метрді алып жатқан сән-сәулеті бөлек ғимарат, ондағы экспонаттар балалардың қызығушылығын туғызды. Олар Елбасының туып-өскен жері, жүріп өткен жолы, алған сыйлықтары және жеткен жетістіктері жайлы мәліметтерді үлкен ыждаһатпен тыңдады. Содан соң Тұңғыш Президент туралы фильмді тамашалады.
Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Президент Әкімшілігінің бастамасына сай ұйымдастырылған мұндай экскурсияның балаларды жігерлендіруге, олардың өз астанасымен мақтанып, мерейленуіне, патриоттық сезімі артуына ықпал ететіні даусыз.
27-28 сәуір күндері, яғни екі күн өтетін бұл экскурсияда алдын ала дайындал­ған бағдарлама бойынша балалар әрі қарай елордадағы ең маңызды орындарды, театрды, ЭКСПО қалашығын аралап, мәдени қойылымдарды тамашалайды.

Нәзира БАЙЫРБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды