АСТАНАЛЫҚТАР ҮЗДІКТЕРІН АНЫҚТАЙДЫ

0 139

6959b8226bee18321093ffd31bc

Жыл сайын елорда күні қарсаңында Астана әкімдігі еліміздің бас қаласындағы мамандарды анықтауды бастайды. Биыл да «Астана таңдауы» байқауында үздік мұғалім, дәрігер, қоғамдық көлік жүргізушісі, құрылысшы, энергетик, жол салушы және полицияның учаскелік инспекторы анықталатын болады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халық­аралық медиа орталығынан хабарланды.

«Астана таңдауы» бай­қауына өтініштерді қа­былдау 31 мамырға дейін жүргізіледі. Ал, 1-20 маусымда байқаудың келесі кезеңі басталады, www.astana.gov.kz сайтында үздік маман иесіне дауыс беру өтеді. Бай­қау жеңім­паздары Астана күні қарса­ңында халықтың қошеметіне ие болып, бағалы сыйлықтар алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 11 =