Астаналықтар танымал тұлғалардың 40 жуық балауыз мүсінін тамашалайды

0 118

Ертең, 13 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында балауыз мүсіндер көрмесі ашылады. Көрмеге санкт-петербургтік балауыз портрет жасау шеберлерінің 40 жуық мүсіні қойылады. Атақты билеушілер, тарихи тұлғалар, актерлар, мультфильм кейіпкерлері – осы және басқа да көптеген кейіпкерлердің фигуралары астаналықтардың назарына ұсынылады.

a476d893d6f1c9f94096fcc26b5

Келушілер үшін басқа да тосын сыйлар әзірленді. Адамзат тарихындағы ең табысты футболшы Пеленің және танымал боксшы Майк Тайсонның да балауыз мүсіндері жасалған.

Көрмеде «Ұлттық аң және балық аулау», «Жұлдыздар соғысы», «Аватар», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Сақиналар әміршісі», «Гарри Поттер» және т.б. фильмдердің кейіпкерлерін тамашалауға болады. Бұдан басқа, минотавр мен сфинкс те бар.

Балауыз мүсіндер көрмесі шілденің 13-нен тамыздың 21-не дейін күн сайын сағат 10.00-ден кешкі 20.00 дейін жұмыс істейді.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =