Астаналықтар саны артты

0 124

0_9fe77_d3b0e186_orig

Астана халқының саны 821 952 адамға жетті.

Жыл басынан бері Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 7551 адамға, оның ішінде Алматы ауданы бойынша 3249 адамға, Есіл ауданы бойынша 1722, Сарыарқа ауданы бойынша 2580 адамға көбейді.

Биылғы қаңтар-ақпанда халық­тың табиғи өсімі 3182 адамды, көші-қон өсімі 4369 адамды құрады.

Атап өтсек, 2014 жылғы қаң­тар-ақпанда жалпы Астана қала­сын­да 3737 сәби туды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 7,2 пайызға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаң­тар­мен салыстырғанда 10,9 пайызға өскен және 3182 адамды құрады. Осы аралықта қалада 555 адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға азайған көрсеткіш.

Қаңтар-ақпанда 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 24 жағ­дайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңінде осындай 27 жағдай орын алған еді. Халық өлімінің негізгі себептер топ­та­ры­ның арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айна­лы­мы жүйесі аурулары – 37 пайыз, өскіндер – 21,4 пайыз, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану – 11,7 пайыз алады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × four =