АСТАНАЛЫҚТАР САНЫ АРТТЫ

0 81

SUL_4335

Иншалла, қой жылы астаналықтар үшін қолайлы болып тұр. Елорда халқының саны 2015 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша  861 968 адамға жетті. Бұл – ресми дерек. Ал, бас қалаға республиканың түкпір-түкпірінен нәпақа іздеп келіп, тіркелмеген бауырларымызды қоссақ, өсім бұдан да жоғары болуы әбден мүмкін.

Қазақ баланы жақсы көрген. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деуі содан. Сол дәстүрімізді жалғастырып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз түзеле түссе, демографиялық көрсеткіштеріміз бұдан да жоғары боларына сенім мол.
Қарап отырсақ, жыл басынан бері елордалықтар 9086 адамға, соның ішінде Алматы ауданы бойынша – 1002, Есіл ауданы бойынша – 4621, Сарыарқа ауданы бойынша 3463 адамға көбейген.
2015 жылғы қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі 8530 адамға, көші-қон өсімі 556 адамға артыпты.
Биыл бес айдың ішінде Астана қаласында 10128 сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 5,6%-ға көп. Сондай-ақ, халықтың табиғи өсімі де өткен жылғы қаңтар-мамыр айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,9%-ға артып, 8530 адамға жетті.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + fourteen =