АСТАНАЛЫҚТАР 1 149 947!

0 40

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 23 жыл ішінде үш есе өсті. Өткен жылы елордалықтар саны 1 миллионнан асып түсіп, көптеген әлем ас­таналарымен деңгейлес болатын.

Егер еске алсақ, 1997 жылға дейін сол кездегі Целиноград, кейінірек Ақмола болған қалада 300 мыңнан аса адам тұратын еді. Ал Қазақстанның жаңа астанасы болғаннан кейін бұл шаһардың демографиялық көрсеткіші күрт өсті. Бүгінгі таңда халық саны үш есеге көбейіп, 1 149 947 адам болды. Осылайша, өсім 849,442 адамды құрады. 1999 жылдың басында қалада бір жастағы бала саны 3 853, ал ғасыр жасаған сегіз адам ғана болды. Бүгінгі таңда елорда тұрғындарының ең үлкен контингенті бір жастағы бала саны – 29 516, ал ғасырдан ұзақ жасағандар саны жүзден асады!
Соңғы жылдары Қазақстанның бас қаласы тұрғындар саны бойынша әлем астаналарының көбін, оның ішінде Вашингтонды (705 мың адам) басып озды. «1999, 2000, 2001 жылдары қала халқының өсуі жыл сайын 50 мыңға жуық адамды құрады. Мұны рекордтық көрсеткіштердің бірі деп айтуға болады. Бұл ішкі көші-қонға да, табиғи өсімге де байланысты. Бірақ нағыз дүмпу 2016 жылы болды: содан кейін қала халқы бірден жүз мың адамға көбейді» деп жазылады Нұр-Сұлтан қалалық статистика басқармасының мәліметінде. Сонымен қатар деректерге сүйенсек, осы жылдың мамыр айының басына қалада 598 009 әйел және 551 938 ер адам тұратыны айтылады. Ең тығыз қоныстанған аудан – Сарыарқа, онда 340 мыңнан аса адам, одан кейін Алматы ауданы – 299 мың, Есіл ауданы – 272 мың және Байқоңыр ауданында 237 мың адам тұрады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × two =