Астаналық жас спортшылар «Азия балалары» ойындарында 4 медаль иеленді

0 135

Ресейдің Саха республикасында өткен VI халықаралық жарысқа 46 елден 2841 бала қатысты.

01

Фото: egemen.kz

Төрт жылда бір рет жалауын желбірететін додада Қазақстан құрамасы жалпы есепте үшінші орынды иеленді. Абыройы ас­қан жеткіншектер барлығы 89 жүл­дені еншіледі. Оның 25-і – алтын, 28-і – күміс, 36-сы – қола медаль.
Бұл сайысқа Астана қала­сынан аттанған оғлан­дардың мерейі үстем болды. №3 Олим­­пиадалық резервтегі ма­ман­дандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мек­тебінің төрт спортшысы барып, төртеуі де құр алақан қайтпады.
Бокстан Нұрбек Оралбай мен еркін күрестен Бекзат Үркімбай алтыннан алқа тақты. Ал қалған екі боксшы Аят Маржықпаев пен Тоғанбай Сағын­дық күміс жүлдегер атанды.
Енді келесі «Азия балалары» ойындары 2020 жылы Моңғолияда өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 2 =