АСТАНАЛЫҚ ЖАС ПАЛУАНДАР АЯНЫП ҚАЛМАДЫ

0 184

bff0fae0aa0d18969a5066f51264b583

Елордада жас палуандар арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары арасында өткен турнирге 8 команда қатысып, жалпы есебі 37 спортшы кілемге шықты. Бұл сайысқа 1996-1998 жылы туған жастар және 1999-2000 жылы туған жасөспірімдер қатысқан болатын.

ҚР Қазақ күресі федерациясы және «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен жарыстың командалық есептегі қорытынды бойынша Өскемен қаласынан келген оқушылар алдарына жан салмады. Екінші орынға астаналықтар тұрақтаса, үздік үштікті Шымкенттен келген палуандар еншілеп кетті. Содан кейінгі орындарға Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Семей және Қарағанды қалаларының жас спортшылары тұрақтады.

Астана қаласының атынан сынға түскендердің ішінде Махат Дамир 81 келіні бағындырып және одан жоғары салмақта түйепалуан атанса, Аслан Махизов (44 кг), Ерлан Шаяхметов (65 кг), Бақдәулет Тығынбаевтар (73 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Әкежан Сапаров (55 кг), Эльмар Валиев (60 кг) сынды оқушылар қолаға қанағат етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 13 =