Астаналық студенттер акциясы

0 35

«Абу-Даби Плаза» ойын-сауда орталығында елордалық студенттер арасында Stop Covid акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында елордалық студенттер короновирусқа қарсы екпе алды.Stop Covid акциясы коронавирус инфекциясына қарсы бұқаралық иммунитетті қалыптастыру шараларының бірі болды. Оны қалыптастырудың бірден-бір жолы – вакцина екенін жақсы түсінген 15 жоғары оқу орнының студенттері акцияға қолдау көрсетті. «Баршаңыз білетіндей, қыркүйек айында оқу оффлайн форматта болады. Көптеген ЖОО талаптарына сәйкес студенттерге білім алу үшін вакцина алу қажет. Вакцина алу мен алмау жекелеген адамның өзінің шешімі. Оған ешкімді міндеттемейміз. Сондықтан вакцина алам деушілер үшін қаланың барлық ойын-сауық орталықтарында, емханаларында т.б. жекелеген орындарда тегін түрде қызмет жүргізіліп жатыр» – деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.
Елордада аталған акция апта соңына дейін жалғасады. Жалпы алғанда елордада 51 мыңға жуық студент бар. Бүгінгі акция бойынша түрлі ЖОО-дан 70-ге жуық студент келіп Спутник-V вакцинасын алды.


«Мен Қазақ технология және бизнес университетінің студентімін. Бүгін «Абу-Даби Плаза» ойын-сауық орталығына вакцина алуға келдім. Ол менің өзімнің шешімім. Мен еліміздің барлық студенттерін вакцина қабылдауға шақырамын. Себебі біз бұрынғы қалыпты өмірге қайта оралуымыз қажет деп ойлаймын. Кинозалдар, ойын-сауық орталықтары мен театр сияқты орындар ыңғайлы қалыпқа келіп, бетпердесіз жүретін күндер туады деген үміттемін» – деді ҚазТБУ университетінің 3-курс студенті Данияр Бекетов.
Айта кетейік, алдағы таңда Stop Covid акциясы өзге қаладағы студенттерге эстафета ретінде жолданады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =