Астаналық саябақта жағажай ашылды

0 170

Елордамызда заманауи үлгідегі тағы бір жағажай ашылды. Астаналық саябақ аумағында орын тепкен бұл жағажай ке­шенінде үш түрлі ашық бассейн, трамплиндер, сырғанақтар, субұрқақ және жазғы дәмхана мен волейбол ойнайтын алаңдар орналасқан.

07

«Күрделі жөндеу жұмыс­тарынан кейін еуростандарттарға сай болып қайта ашылған «Оазис» жағажай клубында уақытты қызықты өткізуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Инфрақұрылымдық жағынан әлемдік шипажайлардағы қонақ үйлерден еш кем емес. Келушілерге кешеніміздегі, әсіресе, үш деңгейлі, яғни суы жылытылатын ашық бассейн, спорттық хауыз бен SPA-ваннасы қатты ұнап жатыр», – дейді Астаналық саябақ басқарушысы Ғани Хасенов.
«Оазис» кешені күн сайын сағат 11.00-ден кешкі 21.00-ге дейін жұмыс істейді. 3 жасқа дейінгі балалар үшін кіру – тегін. Дүйсенбі күндері халықтың әлеуметтік осал топтары клубқа тегін кіре алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + nineteen =