АСТАНАЛЫҚ ОҚУШЫ – АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ

0 239

сатбек

Астана қаласындағы №35 мектеп-лицейдің оқушысы Сәтбек Ахмединов шахматтан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ташкент қаласында өткен құрлық біріншілігінде астаналық шахматшы барлық қарсыластарынан басым түсті. Сәтбек биылғы Қазақстан чемпионатында да сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанған еді.

Он жасында Азия асуын бағындырған елордалық чемпионымыз енді әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Дүниежүзінің үздік шахматшылары айқасқа түсетін дүбірлі дода алдағы қыркүйек айында Оңтүстік Африка Рес­публикасында өтпекші. Осы жарыста астаналық чемпионымызға сәттілік тілейміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − eight =