Астаналық өнертапқыш Евгений Щербатовтың «Мангуст» трекеріне АҚШ-тан көлемді тапсырыс түсті

0 96

Былтыр елордалық өнертапқыш Евгений Щербатов «Мангуст» атты трекер ойлап тапқан-ды. Жаңа құрылғы балалардың қауіпсіздігін бақылауға арналған. Жақында инженер өз өнертабысына АҚШ-тан көлемді тапсырыс алды. Бұл жаңалықты Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік хабарлады.

20160726200320

Аталмыш мекеменің де­ректеріне сүйенсек, Евгений Щербатовтың «Мангуст» трекері «Technation» байқауында топ жарған соң, тек қазақстандықтардың ғана емес, шетелдіктердің де тарапынан үлкен қызығушылыққа ие бола бастаған.

«Бүгінде Сан-Фран­циско­дағы Аутист балалар ұйы­мынан көп тапсырыс алынды. Сондай-ақ, Қазақстанда «Қазпошта» акционерлік қоғамы сәлемдемелерді қада­ғалау үшін осы құрылғыға тапсырыс берді. Отандық GPS-қауіпсіздік жүйесі – ха­лықаралық нарықтағы біре­гей өнім», – дейді ведомство өкілдері.

Айрықша жобаның құны 18,8 миллион теңге екен. Оның 90 пайызын, яғни, 17,7 миллион теңгесін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік қаржыландырған.

Бір істің туындауына бір іс түрткі болмай ма?! Жо­ғарыдағы аппаратты жасау идея­сы да жоба авторы Евгений Щербатовқа баласынан көз жазып қалған соң келіпті. Пайдалы әрі тиімді құрылғы болғандықтан, бұқаралық саты­лымға шығып үлгермесе де, оған 670-тей адам қызығып, тапсырыс беріпті.

«Мангуст» трекері адамның қайда жүргенінен 24 сағат бойы хабардар болып оты­руға мүмкіндік береді. Ол үшін құрылғыны әлгі адам­ға беріп, өзіңіз арнайы мо­биль­ді қосымша арқылы қада­ғаласаңыз жеткілікті. Бұл өнім, әсіресе, кішкентай балалар үшін таптырмас құрал екені даусыз. Трекер мықты, су астында да жұмыс істейді, қолға ұстауға қолайлы және қауіпсіз.

Сонымен қатар, қуат үнемдегіш қасиетінің арқасында құрылғыны 20 күнде бір рет қуаттауға болады. Аппарат әлемнің ұялы байланыс бар кез келген нүктесінен сигнал жеткізеді. Бұдан бөлек, координаттарды анықтау дәлдігімен де ерекшеленеді. Сонымен қоса, қолдануы қарапайым болғандықтан, мүмкіндігі шек­теулі адамдарға да ыңғайлы.

Балама жүйелердің кем­ші­ліктері – не оларда «Ман­густтағыдай» қуат үнем­дегіш қасиет жоқ, не сәл соққыдан бұзылып қалуы мүмкін. Ал мықтылық бұл аппарат үшін өте қажет. Балалар жүгіреді, секіреді, құлап қалады. Сол кезде құрылғы да еш зақымданбауы тиіс.

 

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 1 =