Астаналық команда топ жарды

0 27

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық бакалавриат мектеп командасы киберспорттан Қазақстан чемпионы атанды. NIS IB «PRESTIGE ESPORTS» киберспорт командасы Назарбаев зияткерлік мектептері арасындағы CS:GO сайысына қатысқан еді.

Былтыр желтоқсанда басталған турнирдің финалдық кездесуінде «PRESTIGE ESPORTS» командасы елордалық физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұлттық құрама командасын 3:2 есебімен жеңді. Сайысқа қатысушы командалардың саны 30-ға жетті. Жарыс соңында 152 000 теңгені құрайтын жалпы жүлде қорының 30%-ы «Asar ume» қайырымдылық қорына жұмсалды. Бір қызығы, сайыстағы барлық 3 жүлдені Нұр-Сұлтан қаласының командалары ұтып алды.
Киберспорт – компьютер ойындары арқылы өткізілетін топтық жарыс түрі. Бұл дүниежүзінде қарқынды дамып келе жатқан «спорт» ретінде саналады. Бір қарағанда, баланың ермегі іспетті көрінетін компьютерлік ойындардың әлемде нағыз технологиялық және экономикалық трендке айналуы бұл саланың бүгінгі таңда аяқ алысы жаман емес екендігін көрсетеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 8 =