©2020 Астана Ақшамы
АСТАНАЛЫҚ ДӘСТҮРІ ҚАЛЫПТАСҚАН ДЕП ҚАНДАЙ ШАРАНЫ АТАЙ АЛАСЫЗ?
Сергей БОГАТЫРЕВ, қалалық мәслихаттың депутаты:
– Алдымен, басқала күні мерекесін айтар едім. Соңғы жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Астана күнін мерекелеу кезіндеөз алдарына жеке шаңыраққұруды ниет еткен жас жұбайлардың некесінқию рәсімі дәстүрге айналып келеді. Сондықтан да бұл күнді, әсіресе, жастар жағы асыға күтеді. Астана күніқалада бірін-біріқайталамайтын жүздеген мәдени-спорттық шараларөтсе, оларды тамашалауүшін басқақалалар мен елдерден арнайы келетінқонақтар саны жылөткен сайын артуда.
Қалалық мәслихаттың депутаты ретінде менқалалық және республикалық деңгейдеұйымдастырылып жүрген барлық шараларға, мәселен, Алматы ауданыәкімдігімен бірлесе отырып Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отанқорғаушылар және Жеңіс күні, саясиқуғын-сүргінқұрбандарын еске алу, Қала күні, Конституция, Мемлекеттік рәміздер, Тәуелсіздік күніөтетін барлық шараларғақатысып жүрмін. Сол секілдіәрбір тұрғын мәдени іс-шараларға тікелей араласып, оның жоғарғы деңгейдеұйымдастырылуына себепкер болғаны абзал.
ҒалияшӘМРИНА, №54 мектеп-лицейдің директоры:
– Жыл сайынқаламызда елордаәкімі Иманғали Тасмағамбетовтіңқатысуымен түлектерге «Алтын белгі» тапсыру салтанаты, сондай-ақ олимпиадалар менғылыми байқаулардың жеңімпаздарына, Астанадағы дарынды балалардыңқұрметіне балөткізіліп жүр. Мен осы шараларды астаналық дәстүріқалыптасқан шаралар деп айтар едім.
Жалпы, қаладағы бірде-бір мерекелік шара мұғалімдердіңқатысуынсызөтпейді. Сол істердің басы-қасында жүргенұстаздар көрген-түйгендерінүнемі шәкірттеріне айтып, жақсысынүлгі етіп отырады. Оғанқатысуымыздың маңыздылығы да осында жатса керек. Жұрт театр, мұражай сияқты адамның ой-өрісі мен көкжиегін кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететін орындарға жиі барып тұрса, соныңөзі айрықшаәсер етеді. Негізі, Астана тұрғындарының мәдениеті дараланып тұруы тиіс деп ойлаймын.
Салтанат БЕЙСЕНОВА, Л.Гумилев атындағы Еуразияұлттық университетінің студенті:
– Астанақаласындағы жыл сайынөткізіліп жүрген, дәстүріқалыптасқан іс-шараларға Наурыз мейрамын, Тәуелсіздік күнін, т.б мерекелерді атауға болады. Себебі, бұл – біздің төл мерекелеріміз. Оларөте жоғары деңгейдеөткізіледі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар да күн сайын жаңарып, басымдық танытуда. Жалпы бұл іс-шаралардың маңызыөте зор.
Еліміздің басқаласындаөткізіліп жатқан мерекелік шараларғақолым тигеншеқатысуға тырысамын. Бірақ, спорттық іс-шараларға белсене араласып жүрмін. Өйткені, бала кезімнен спортты ерекшеұнатамын. Тұңғыш Президентіміз Астананы аққалаға, баққалаға айналдыруүшін барлық мүмкіндікті жасап жатыр. Ендеше, Астана тұрғындары да осы талапүдесінен шықса екен деймін.