Астаналық боксшылар ерледі

0 18

Венгрияда өткен халықаралық турнирде Қазақстан боксшылары 8 медаль жеңіп алды.Дебрецен қаласында өтетін Иштван Бочкай мемориалы – А класына кіретін мәртебелі жарыс. Осы дәстүрлі турнирде жүлде алғандар арасында Нұр-Сұлтан қаласының 5 боксшысы жеңіс тұғырынан көрінді. Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Берік Маржықпаевтың шәкірттері Римма Волосенко (60 кг) чемпион атанса, Марина Вольнова (75 кг) қола жүлдегер атанды.
Ерлер бәсекесінде Асқар Еркебаев пен Азамат Игебаевтың шәкірттері астаналықтар Айбек Оралбай (91 кг) алтын медаль иеленді. Сонымен қатар Нұрбек Оралбай да (+91кг) қола жүлдеге қол созды. Жүлдегер атанған боксшылардың бәрі – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды