АСТАНАҒА ЮНЕСКО ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

0 127

Астанада 2013-2022 жылдарды Мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығына байланысты ұлықтаудың Халықаралық форумы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының хатшылығынан хабарлады.

Іс-шараға бейбітшілік және мәдениеттер ара­сын­дағы диалог мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО-ның жоғары деңгейлі тобының құрамына енген белгілі тұлғалар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сонымен қатар, әлемнің 30-дан астам елінің этика мен мәдениетаралық коммуникациялар, білім және мәдени мұра жөніндегі сарапшылары қатысады. Форумның негізгі мақсаты – мәдениеттер арасындағы диалогты одан әрі дамытып, жаңа жаһандық күн тәртібін құрумен байланысты мәселелерді талқылау үшін халықаралық саяси, академиялық және іскер орта өкілдерін біріктіру.

«Форум аясында Алакөл қорығына ЮНЕСКО биосфералық резерваты мәртебесін беру туралы арнайы дипломды тапсыру салтанатты рәсімі өтеді. Айта кетейік, Алакөл – ЮНЕСКО биосфералық резерватының бүкіләлемдік желісіне енген екінші қазақстандық қорық.Сонымен қатар, форум аясында Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Серік Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» құрметті атағы беріледі» делінген ақпаратта.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР Ұлттық ко­мис­сиясының мүшелері, бірқатар көрнекті ғалымдар мен еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 15 =