Астанаға Қызылорда облысынан 20 тонна күріш жеткізіледі

0 119

Бас қалада бағаны тұрақтандыру аясында Астана қаласы мен Қызылорда облысының әкімдіктері өзара келісімге келді. Енді меморандум бойынша осы аптада сыр елінен елордаға 20 тонна күріш жеткізілетін болды.

ывпывпывпывп

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің айтуынша, екіжақты келісім бойынша елордаға азық-түлік өндірушілердің бағасымен жеткізіледі.

«Қызылорда облысынан келген азық-түлік өнімдері жәрмеңкеде халыққа ұсынылады. Осы аптада өтетін жәрмеңкеге 20 тонна күріш шығарылады. Бағасы – 175 теңгеден. Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында әріптестеріміз қолға алған бұл шараның мақсаты – бағаны тұрақтандыру, отандық өнімге қолдау білдіру. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді А. Лукин.

Айта кету керек, Елбасы өңіраралық астықты дамытуды тапсырған.

«Қызылорда облысы жыл сайын Астанаға келіп жәрмеңке ұйымдастырады, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар түрлері арзан бағаға сатылады. Бұйыртса, қыркүйек айының 3-4 күндері өткізіледі. Астана қаласының әкімдігі бізге «Шапағат» коммуналдық базарынан тұрақты орын беріп, өз өнімдерімізді сатуға мүмкіндік беріп отыр. Жәрмеңкеде тек күріш қана емес, сүт өнімдері, күнбағыс майы, ұн, жарма, қант, жеміс, көкөніс түрлері де молынан болады. Екі аймақтың кәсіпкерлері арасында болған келісімшарт тиімділігін көрсетсе, әрі қарай жұмыс істейтін боламыз» дейді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.

Айта кетейік, Астанада тұрғын үйлердің ауласында әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы тауарларын сату үшін 50 сауда орны бөлінген.

Алдағы аптада «Оқушылар сарайы» автотұрақ алаңында Алматы облысының қатысуымен өңірлік жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Онда 320 тонна өнім, оның ішінде құс еті, балық, сүт өнімдері, жеміс-көкөніс және бал өнімдері төмен бағада сатылады.

 

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 5 =