©2020 Астана Ақшамы
Астанаға газ тартылады
Алдағы екі жыл ішінде елордаға магистральді газ құбыры тартылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы 2014 жылдың соңына қарай авто-газ үлестіру стансаларын салуды және магистральді газ құбырын тартуды жоспарлап отыр. 800 мыңнан астам тұрғыны бар Астана қаласына жалпы 1,2 млрд текше метр газ қажет. Бұл қаланың индустриалдық аймағы мен жеке секторындағы нысандарды толығымен газбен қамтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда, қалаға газ тарту мәселесі төңірегінде шешім қабылдаумен қатар, жылу электр орталығында газ пайдалану мәселесі де пысықталып жатыр.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ