«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан – Аягөзге

0 254

Шығыс Қазақстан облысындағы тасқын судан бірнеше аудан халқы зардап шеккені белгілі. «Апат айтып келмейді». Осы орайда бүкіл ел-жұрт болып, шығыстағы бауырларға қолдан келгенше көмек берілуде.

Күні кеше Астанадан жүк тиелген көліктер керуені Аягөзге қарай аттанып кетті.  «Жасампаз» консорциумы Аягөз ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек ретінде күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар жіберді.

«Оның ішінде 4 мың төсек орын, балалар мен ересектерге арналған сырт киімдер,  оқушы формалары,  1500 дана аяқ киім, 1500 дана көрпе бар. Сонымен қатар 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.  Айта кетейік, жоғарыда аталған өнімдердің барлығы  отандық бұйымдар. Жүк тиелген көліктер жексенбі күні таңғы сағат 10.30-да Астана қаласы  Байырқұм көшесінен  аттанды»  дейді консорциумның атқару кеңесінің төрайымы Гүлмира Уахитова.

Еске сала кетейік, «Жасапмаз» консорциумы  осыдан екі жыл бұрын құрылған.  Отандық нарықта сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім ұсынатын  ең үлкен  консорциум құрамына бүгінде 59 қазақстандық компания кіреді.Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды