«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 186

Астана
«Астана қаласындағы жаңа көлік жүйесі» желілерін салу жобасына байланысты Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Қарағанды облысы
«Сарыарқа» магистральдік газ құбырының құрылысы басталды. Келер жылы өңірдің 120 елді мекеніне табиғи газ тарту жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласының аумағынан «Қарағайлы» атты жаңа тұрғын үй ауданы бой көтерді. Енді аталмыш аумақта құны 12 млрд теңге болатын спорт кешені салынуда.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласының миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Айсұлу есімді сәбиді өмірге әкелген Еламановтар отбасына екі бөлмелі пәтер сыйлады.

Павлодар облысы
Қалалық саябақта этноауыл ашылды. Шағын қалашық Павлодар облысының әр ауданы мен қаласы құрған 26 киіз үйден тұрады.

Қостанай облысы
Өңірдегі 514 мектептің барлығы толықтай интернет желісіне қосылды. Сонымен қатар 445 мектеп мультимедиялық құрылғылармен жабдықталды.

Алматы облысы
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталы­ғында «Smart School» оқу сыныбы ашылды. Инновациялық сыныпта ұзақ уақыт ауруханада жатқан балалар білім бағдарламасымен қатар шахмат, конструктор құрау сынды шығармашылық жұмыспен айналыса алады.

Ақтөбе
Ақтөбеден 20 шақырым жердегі Қурайлы ауылына жақын маңнан ежелгі замандағы беделді адам мен оның жылқысы жерленген көне оба табылды. Зерттеушілердің пікірінше, табылған заттар ғұн дәуіріне тиесілі.

Ақмола облысы
Бұланды ауданының тұрғыны өзі жасап шығарған «Рухани жаңғыру» логотипі бар автокөлік тысқабын таныс­тырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды