«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 184

Астана

Елордада электромобильдерге ғана арналған көлік тұрағы ашылады. Мұндай шара 2018-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі кешенді жоспарда қарастырылған.

Алматы облысы

Әуезов ауданына қарасты «Сайран» халықаралық автовокзалының аумағына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 120 құрылыс нысаны, соның ішінде 100 сауда орталығы мен 20 дәмхана қалпына келтірілген. Енді бейнебақылау, фастфуд, Wi-fi аймақтары, мұз айдыны, заманауи таксомоторлы тұрақ және жаңа билет сату терминалдары орнатылатын болады.

Ақтөбе облысы

Темір ауданында барлық мектептерде қазақтану курсы ашылды. Ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуға арналған курста оқушыларды домбыра шертуге үйретеді. Сабақтар тегін өткізіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Семейдегі машина құрастыру зауытында жыл соңына дейін әртүрлі модельдегі 700 жүк көлігі шығарылады. Халық мініп жүрген әрбір екінші көлік елімізде құрастырылған. Оның ішінде әсіресе «Урал» автокөліктері ерекше сұранысқа ие. Көліктер 6-дан 22 тоннаға дейін жүк таси алатын.

Түркістан облысы

Облыс аумағында «Дәстүрлі құн­дылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиындар өтуде. Халыққа мә­дени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған осындай шаралар бұған дейін Арыс қаласы мен Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Шардара, Қазығұрт және Төлеби аудандарында өткізілді.

Қызылорда облысы

Қызылордалық мемлекеттік қыз­­меткерлер заңсыз берілген сый­лық­тарын тапсыруда. Нақты айтқан­да, 8 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін азаматтардан алған сый-сияпатын арнайы қорға өткізді. Жыл басынан бері осындай 22 сыйлық арнаулы қордағы құнды заттар нарық­тық бөлшек сау­даға шығарылып, түскен қаржы респуб­ликалық бюджетке аударылады.

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданында үйді дезинфекциялау салдарынан 5 адам уланып, олардың екеуі қайтыс болған. Дезинфекция жүргізген компанияның маманы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Белгілі болғандай, қайтыс болғандар қандалаға қарсы «Квик-фо» препаратынан улаған.

Қарағанды облысы

Желтоқсан айында «Жалтырбұлақ» кен орнының шикізатын қайта өңдейтін цех ашылады. Аталмыш жоба облыстың Кәсіпкерлікті дамыту картасына енгізілген. Жалпы құны – 3,4 миллиард теңге. 123 адамды жұмыспен қамтыған өндіріс орнының жылдық қуаты 515 мың тонна тұнба әзірлеуге шақталған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды