«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 158

Астана

Елордада аутизммен ауыратын және басқа да ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдауға арналған «ХІ қысқы қайырымдылық балмас­карад» өтеді. 8 желтоқсан күні Астанадағы Radisson Hotel Astana қонақүйінде өтетін бал аясында аукцион өткізіліп, оған түрлі бағалы заттар қойылады.

Атырау

Атырауда автобус жүргізушілер мен жолсеріктердің жалақысы екі есеге өсті. Жүргізушілері 110 мың теңгенің орнына енді 300 мың теңге, ал жолсеріктер 45 мың теңгенің орнына 85 мың теңге жалақы алады.

Алматы

Алматы әуежайында Ресейдің жалған төлқұжатын ұсынған әйел ұсталды. Жалған құжат «Ыстанбұл-Алматы» бағытымен ұшып келген ТК-350 әуе рейсін ресімдеу барысында анықталған. Әйелдің Ресей азаматы емес, өзбекстандық екені анықталды.

Түркістан облысы

Түркістанда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазылған «Махаббат мұнарасы» мюзиклінің премьерасы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы

Биылғы жылдың он айында облыста 5878 нәресте дүниеге келген. Оның 3 034-і – ұл, қалған 2 844-і – қыз бала.

Батыс Қазақстан облысы

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Қазіргі заман қаһарманы» атты республи­калық шара қоры­тын­дыланды. Шарада еліміз өңір­лерінен келген, адамдарды құтқару кезінде ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді.

Шымкент

Шымкентте фотосуретшілердің «Ұлы Жібек жолы бойымен» фото­көрмесі ашылды. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырған фотобайқауға Қазақстан мен Өзбекстанның әуесқой және кәсіби суретшілері қатысуда.

Қызылорда облысы

Облыстық прокуратура «Қызыл­орда су жүйесі» мемлекеттік ком­муналдық кәсіпорнының жұ­мысшылар алдындағы 62,8 млн теңге жалақы қарызын төлеуге ықпал етті. Тексеру барысында 570 жұмысшыға биылғы шілде-тамыз айларына жалақы төленбегені белгілі болды.

Алматы облысы

Шилісу ауылы маңында үшеу болып ұшып келіп, кейін тобынан қалып қойған жалғыз аққу құтқарылды. Тұрғындардың көме­гі­мен табиғатты қорғаушылар ақ­қуды ұстап, уақытша Алматы­дағы хайуанаттар бағына тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды