«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 135

Астана
Елордада «1С» бизнес-форумы өтті. Жиынға қатысушылар IT– компаниялар мен бағдарламалық өнімдерді жасайтын жетекші ком­па­ния­лар жобаларды іске асыру­дағы тәжірибелерімен, жаңа цифрлық технологияны қолдана отырып, пайданы ұлғайтудың жолдарымен бөлісті.

Алматы
Қаладағы жылдамдықты өлшеу құрылғылары көше бойындағы барлық қозғалыс­тың орташа жылдамдығын өлшейтін болады. Бұл жаңа тәртіп 1 желтоқсаннан бастап енгізіледі.

Ақмола облысы
Көкшетау қаласында алдағы жылы жылу электр орталығының құрылысы басталады. Аталған нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтереді. 176 млрд теңгеге бағаланған жобаны жүзеге асыруға словениялық инвес­тор өтініш білдірген.

Атырау облысы
Облыс орталығында алғаш рет шетелдік «International Education Fair» жоғары оқу орындарының екі күндік көрмесі басталды. Білім көрмесінің алғашқы күнінде 2 мыңға жуық атыраулық білім гранттарымен танысып үлгерді.

Шымкент
Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай түсірілген  «Бауырлас ел» атты деректі фильмнің таныстырылымы болды.

Павлодар облысы
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында 441 істі қарады. Оның 129-ы жол-көлік оқиғасына қатысты болған.

Түркістан облысы
Облыс орталығында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты облыс әкімінің жүлдесі үшін республикалық пікірсайыс өтті. Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі төрешілер мен жас пікірсайысшылар бақ сынасты.

Жамбыл облысы
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Таразға барып, аймақтағы Президент тап­сыр­маларының орындалу барысымен танысты. Үкімет басшысы білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ салаларындағы көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және өңірде тарифтерді төмендету бойынша қабылданып шараларға қатысты нұсқау берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды