«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 164

Астана

Тұңғыш Президент кітапхана­сында «Мәңгілік ел идеясы: тарихы мен болашағы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Жиынға отандық ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты. Ша­ра соңында олар «Қазақстан жолы: мәңгілік ел» монографиясын шығаруға уағдаласты.

Алматы

Алматыға қалаішілік жолаушы тасымалдауға арналған 200 жаңа автобус әкелінді. Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар №12, 19, 56, 70, 77, 123, 124, 137 маршруттары бойынша жүреді.

Шымкент

Шымкентте «Қазпоштаның» цифр­лы кеңсесі ашылды. Мұнда тек 2 кеңесші ғана азаматтарға көмек көрсетеді. Қалған қызметтердің барлығы автоматтандырылған.

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи сая­бағы ашылды. Жаңа саябақ 6 түр­лі кластерлік жер телімдерінен тұрады. Оның ерекшелігі, мұнда өсімдіктердің өзге аумақта кез­деспейтін Қызыл кітапқа енген 35-тен аса түрі бар.

Батыс Қазақстан облысы

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Мұқағали, Нұрғиса» драмасы сахналанды. Оқиға қазақтың біртуар тұлғалары – композитор Нұрғиса Тілендиев пен ақын Мұқағали Мақатаевтың арасында өрбиді. Спектакль ақынның композиторға аманаттап кеткен «Есіңе мені алғайсың» өлеңіне ән жазумен түйінделеді.

Маңғыстау облысы

Ақтауда қоқыстарды сұрыптап салуға арналған жәшіктер қойылуда. 4 жәшіктің бірі шыныға, екіншісі пластик бұйымдар мен қағаздарға, соңғы екеуі тұрмыстық қалдықтарға арналған. Мұндай жәшіктер қазіргі уақытта 8-шағын аудандағы 5 үйдің жанына орнатылды.

Түркістан облысы

Түркістанда қала күні мерекесі аталып өтті. Халықаралық түр­кі әлемінің форумына келген Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Бол­гария, Иран, Ресей, Дағыстан ел­дерінің әдебиетшілері мен ақын-жазушылары қала күніне арналған мерекелік шарасына арнайы қа­тысты.

Атырау облысы

Қайырымдылық айлығына орай Қайыршақты ауылдық округінің әкімдігі мен кәсіпкер Асылбек Сұлтанов өңірдегі қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы ас берді. Дастарқаннан дәм татқан 80-нен аса қонақ шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды