Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

Алматы

Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен көлікті минутпен жалға беретін «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Жалға алған автомобильмен тек шаһар ішінде ғана емес, қала сыртындағы Медеуге, Үлкен Алматы көліне, тіпті Қапшағайға дейін баруға болады.

Ақмола облысы

Біржан сал ауданында Билер кеңесі құрылды. Бұл кеңеске қазақ билер соты қызметінің негізгі прин­цип­терін жаңғыртып, оның ішінде дауласқан тараптарды дана шешімдерімен татуластыру миссиясы жүктеліп отыр.

Қостанай облысы

Биыл Қостанай облысында 5 млн 214 мың тонна астық жиналып, орташа түсім 12,8 центнерді құрады. Ал қазан айының басынан бері 73 мың тонна бидай темір жол вагондарына тиеліп, оның 54,6 мың тоннасы экспортқа шығарылды.

Қызылорда

Облыс орталығында «Қор­қыт-Қобыз» респуб­ликалық байқауы өтіп, 17-55 жас ара­лығындағы 17 өнерпаз бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша аста­налық Шолпан Шарапатова бас жүлдені қанжығалады.

Түркістан облысы

Созақ ауданының 90 жыл­дығы қарсаңында 24 нысан пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, осы ауданға қарасты Шолаққорған, Жуантөбе, Жартытөбе, Сызған Қызылкөл ауылдарының негізгі көше­лері жарықтандырылды.

Маңғыстау облысы

Ақтаулық ғалымдар элек­тро­мобильді қуаттайтын станса жасақтады. Екі стан­саның толық қуаттау циклі үш сағат­тан тұрады. Мұнда күніне 8 көлікті қуаттауға болады.

Қарағанды облысы

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Қараған­дыда жас кәсіпкерлер мек­тебі ашылды. Мұнда 18-29 жас аралығындағы жастарға дәріс өткізіледі. Оқыту барысында тыңдаушыларға бизнес құру кезінде қандай заңнамалық, эко­но­микалық және әлеуметтік мә­се­ле­лер­дің кездесетіні туралы айтылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button