«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 117

Астана

Астанада жастарға көмек беретін кезекті орталық ашылды. «Аймақ тау» сауда үйінде ор­наласқан жаңа орталықта жас­тарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарла­малар туралы ақпараттар мен түрлі кеңестер беріледі.

Алматы

Елімізде онлайн төлем жүйе­сінен Алматы қаласы көш бастап тұр. Мегаполис тұрғындарының жартысынан астамы онлайн төлемге жүгінеді екен.

Қарағанды облысы

Қарағандыдағы «Жұлдыздар аллеясына» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі-бас дирижері Қанат Ахметовтің есімі алтын әріптермен жазылып, музыкантқа арнайы сертификат тапсырылды.

Түркістан облысы

Созақ ауданының 90 жылды­ғына орай Шолаққорған ауылында «Социалистік Еңбек ерлері» мен шертпе күй шеберлерінің аллеясы ашылды.

Ақмола облысы

Қазақстанның киелі жерлер картасына Ақмола облысынан 43 ескерткіш енгізілген. Осыған орай қазіргі таңда оларға апаратын ірі 8 туристік бағыт әзірленді.

Ақтөбе облысы

Ақтөбедегі ұн комбинатындағы роботтың арқасында еңбек өнім­ділігі 4 есеге артқан. Робот төрт адамның жұмысын істейтін кө­рінеді.

Шымкент

Шымкентте келесі жылы 350 көше жөнделмек. Қала бас­шылығы жаңа кәріз жүйесін салуды да жос­парлап отыр.

Шығыс Қазақстан облысы

Зайсан ауданындағы 9 ауылдың тұрғындары газбен қамтылды. Бұл іске мемлекет қазынасынан 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінген.

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданында іске қосылған зауыт пастерленген түйе сүтін шығаруға көшті. Осы аптада 10 тоннадай ойсыл қара сүті мен одан жасалған өнімдер Астана нарығына келмек.

Атырау облысы

Атырауда 7-20-25 бағдарламасы бойынша қырыққа жуық адам пәтер алды. Жалпы биыл өңірде 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл – 3892 пәтер. 34 үй жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды