«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 149

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша былтыр облыс бойынша 400-ге жуық жоба қолдау тапқан. Барлығы 1500 кәсіпкерге 24 млрд теңгеге қаржылай көмек берілген.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Өскемендік бағбан Вячеслав Камчатный алып асқабақ өсірді. Көрген жұрт­тың таңдайын қақтырған өнімнің биіктігі – 40 см, жалпақтығы – 80 см. Енді ерекше өнім асқабақтар фестиваліне қойылады.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Қарағандының колледж­дері мен жоғары сынып оқушыларына қазақ тіліне аударылған 100 оқулық таратылды. Игілікті іс «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты республикалық жоба­ның шеңберінде жүзеге асырылды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Жамбылдық мұғалімдер асық ойынының жаңа түрін ойлап тапты. Инновациялық ойын «Үшбас» деп атала­ды. Ойынның кейбір тұсы тастаяқ пен футбол­дың элементтеріне ұқсағаны­мен, бірақ асықпен ойналады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Атырау қаласы өзінің 378 жылдығын атап өтті. Қала күні мерекесіне орай ұзындығы 10 метрлік, ені 80 метрлік торт дайындалды. Сол күні «Нұрсая» ықшам ауданында 800 орындық жаңа аквапарктің ашылу рәсімі өтті.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Облыста 7 ауылдың атауы өзгерді. Сонымен қатар, 73 көшенің атаулары да жаңартылды. Мысалы, Қостанай қаласындағы Авиационная көшесі Кәмшат Дөненбаева, Затабол кентін Тобыл деп өзгерту жөніндегі ұсынысты да көпшілік қол­дады. Жуырда ғана Таран ауданын Бейімбет Май­линнің атымен атау туралы ұсыныс та қолдау тапқан еді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Жапондық кәсіпкерлер Түркістанның инфрақұры­лымына инвестиция салуға қызығушылық танытты. Жапондық компания биік үйлерді, су құбырларын және канализация желі­лерін салуға қатысуды жос­парлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды