«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 142

Астана

Елордадағы Ұлттық музейде «Күлімдеген әлем» атты көрме ашылды. Онда кореялық танымал суретші Ли Чольсудың әлемге әйгілі графикалық туындылары қазақстандық өнерсүйер қауымға алғаш рет ұсынылды.

Алматы

Оңтүстік мегаполисте тағы бірнеше бағыттардың автобустары жаңарды. Осылайша қаладағы көлікті реформалау және жолаушы көлігінің тұрақты жүйесін қалыптастыру аясында жылжымалы құрамды жаңарту одан әрі жалғасып жатыр.

Қостанай облысы

Атақты халық батыры, құралайды көзге ататын мерген, аңыз адам Кейкі Көкембайұлының бас сүйегі Амангелді ауданындағы А.Иманов атындағы мемориалдық мұражайға қойылды.

Қызылорда облысы

«Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалы келесі жылдан бастап алыс-жақын шалғай жерлерге жедел баруға тиісті заттар дронмен жет­кізетін болып отыр. Ол тек газет-журналдар ғана емес, сондай-ақ салмағы 5 килограммға дейінгі шағын сәлемдемелерді де таситын болады.

Ақтау

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері 2019 жылы пайдалануға беріледі. Биыл оның тоқтап қалған құрылысы қайта қолға алынды. Мұнда диагностикалық орталық, 100 орындық аурухана болады.

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласында бос жер учас­­келері мен инженерлік ком­му­ни­кациялар электронды карта­сы­ның тұсаукесері өтті. Онда кар­­то­графиялық деректер, қала құ­рылысы регламенттері, жер учаскелері көр­сетілген.

Павлодар облысы

Павлодар облысында дәнді да­қылдардың 60 пайызға жуығы жиналып бітті. Кейбір аудандардағы астықтың шығымдылығы гектарынан 30 центнерден айналды. Жалпы, өңір бойынша астықтың орташа шығымдылығы гектарынан 11,4 центнерді құрады.

Қарағанды облысы

Облыстық бейнелеу өнері мұра­жайында Өміркелді Әбеуовтың бірегей суретті кілемдер жеке көрмесі ашылды. Көрмеге әсемдік-қолданбалы өнермен айналысатын шебердің 35 жұмысы қойылған.

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданында қазба жұмыстары қайта қолға алынады. Бұл М.Өтемісов атындағы университет пен аудан әкімдігі арасында тарихи-археологиялық жәдігерлерді зерттеп, танып білу мақсатында екі жақты меморандумға қол қойылуы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды