«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 142

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Атырауда  қала күніне орай жедел жәрдем қызметінің жаңа бекеті ашылды. Жаңа нысан жақын маңдағы үйлерден 75 мың тұрғынды қабылдайалады. Ал шақыртуларға 8 жедел жәрдем бригадасы шығады.

ҚЫЗЫЛОРДА  ОБЛЫСЫ

Қызылорда облысында соңғы бес жылкөлемінде 45 жаңа мектеп салынды. Соның нәтижесінде өңірде апаттық деңгейдегі оқу орындарының мәселесі толығымен шешілді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Сарыағаш аудандықауруханасында инсульт орталығы, Дарбаза ауылында балабақша ашылды.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Аймақта осы жылдың соңына дейін 6 млн тонна мұнай және 7 млрд текше метр газ
өндіріледі.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Қазіргі уақытта Қостанай облысы әлемнің 90-нан астам еліменсауда-саттық байланысын орнатқан. Осының арқасында өңірдің экспорт тауарлары 70 пайызға артты.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Көкпекті ауданындағы балық зауыты қал ықсыз технологияға көшті. Бұған дейін балықтың 40 пайызы қалдық ретін де қалатын, енді сүйектерінің өзі үгітіліп, пайдаға жаратылатын болды.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Кенді өлкеде тұрғын үйлер орталық жылу жүйесіне 10 қазанға дейін қосылады. Жылумен қамтамасыз ету желілері 100 пайыз дайындықтан өткен.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Меркі ауданында мұнай өңдеу зауыты ашылады. Онда 70 адам жаңа жұмыспен қамтылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды