«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 121

АСТАНА

Елордада «Асыл ана» рес­публикалық фестивалі өтті. 150-ге жуық әйел қатыс­қан шарада түрлі сала бойынша үздіктер анықталды.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Баянауыл ауданының үш ауы­лына Қаныш Сәтбаев, Мұса Шорманов және Мәшһүр Жүсіп есімдері берілді.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Өңірде галлуазитті нано­түтік­шелерден тұратын ан­ти­коррозиялық жабындар шығаратын өндіріс орны ашылады. Аталған жобаны ай­мақтағы машина жасау зауыты сапалы металл жасау үшін қолданысқа енгізеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Ордабасы ауданында ха­лықтың 6,9 пайызы ғана көгілдір отынмен қамтылған. Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ газ магистралі өтетін аудандағы 57 ауылдың бес-алтауына ғана газ тартылған. Ауданды газбен толығымен қамту жұмыстары 2021 жылы аяқталады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Байзақ ауданының төрт елді мекенінде орталық­тан­дырылған таза ауызсу жүйесінің құрылысы аяқ­тал­ды. Бұл жұмыстарға рес­пуб­ликалық қазынадан 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінген.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Іле ауданының Ақши ауы­­лындағы шипажайда шұбатпен емдеу курсы ашыл­ды. Мұнда 15 күндік курс арқылы ағзаны тазарту, қалпына келтіру, иммундық жүйенің жұмысын жақсарту жүргізіледі.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Серебрянск қаласында 120 орындық балабақша пай­да­­лануға берілді. Нысан мем­ле­кеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында салынды.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Өңірге биыл «Нәтижелі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде Түр­кістан, Жамбыл, Қызыл­орда, Алматы облыстарынан 690 отбасы қоныс аударады.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Облыс орталығында «Рухани жаңғыру» орталығы мен музей ашылды. Бұрынғы Қазақ орталық атқару коми­теті ғима­ратының сызбасы негізінде салынған музейге 500-ден аса жәдігер қойылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды