«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 138

АСТАНА

27 қыркүйек күні Қосшы кентінде Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымының адамдарды құт­қару бойынша арнайы оқу-жаттығу операциясы өтеді. Елімізде алғаш рет өтетін бұл шараға кәсіби актерлер қатыстырылмақ.

КӨКШЕТАУ

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп мемлекеттік қыз­мет мектебін ашты.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Каспий теңізінде әлемдегі ең үлкен кран жасалды. 3500 тоннаға дейін жүк көтере алатын кран сондағы мұнай өңдеу зауыты салынып жат­қан құрылыс алаңында жи­налған. Кранның салмағы – 600 тонна, оны жинау үшін 7 кран жұмыс істепті.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Жамбыл облысында ту­ризмді дамытуға 250 млн теңге бөлінді. Қазір құны 5,4 млрд теңгені құрайтын бірқатар нысандар құрылысы басталған. Оның ішінде 5 қо­нақүй, 5 мейрамхана, 2 киіз үй қалашығы және тау-шаңғы базасы бар.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Облыс орталығында тұра­тын Ерасыл Болысбек есімді он төрт жасар бала рубик тек­шесін аяқпен жинау бойынша Қазақстанның ұлттық рекордын орнатты.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Екібастұз қаласындағы көп профильді бағыттағы №24 мектеп-гимназиясында жаңа STEM-зертханасы ашылды. Мұнда оқу инженерия, бағдарлама, робототехника, 3D-модельдеу секілді төрт бағытта жүргізіледі.

АҚТӨБЕ

Қалада қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың есімі берілген көпір ашылды. Бұл көпір бұқара ха­лық­тың өтініші бойынша қолға алынған. Құрылыс жұ­мыстарына жергілікті бюджеттен 1,2 миллиард теңге жұмсалған.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Биылғы жылдың 8 айында Түркістан облысына 900 мыңға жуық турист келген. Оның 32 мыңы алыс-жақын шетелден келген саяхатшылар болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды