«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін… [16 маусым]

0 263

Астана
Астанада «Еңбек жолы» конкурсы басталды. Бұл байқаудың қатысушылары «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымдары бо­йынша марапатталады.

Алматы облысы


Алматы қаласындағы Қыз­дар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары апорт алмасының жаңа сор­тын шығарып, оны өсіруді қолға алды. Бұл жобаның өнімі тек диқандар үшін ғана емес, отандық биолог-ғалымдар мен тұрғындар үшін де маңызы зор.

Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен су электр бекетінде тұрған «Ледокол» өрт сөндіру кемесі Бұқтырма су қоймасына аттанды. Аталған су көлігі Ертіс айдынындағы ең ірі апаттық-құтқару кемесіне жатады. Үш сорғыш құрылғыдан тұратын кеменің су сыйымдылығы – 255 тонна.

Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласын жайлаған жағымсыз иісті азайту үшін кәріз су тазалау нысандарына «ылғалды барьер» қондыр­ғысы орнатылды. Яғни суға араласқан химиялық затты ауаға бүрку арқылы жағымсыз иісті жоюға болады. Қондырғы желдің бағытына қарай іске қосылады.

Маңғыстау облысы
Он жыл бұрын Маңғыстау облысындағы Сенек, Ұштаған, Шебір мен Тұщықұдық ауылдарында басталған құм көшін тоқтату жұмыстары өз жемісін берді. 4800 гектар жер қоршалып, 3 миллионнан астам бұта мен ағаш егілді. Нәтижесінде құмның көшу қарқыны тоқтап, құм сілемдеріндегі шөп жамылғысы қалпына келді.

Жамбыл облысы
Жамбыл облысында ауылдық 3 мың оқушы Астананың 20 жылдығына орай 20 әдеби кітапты оқып шықты. Игі бастама 6 мен 10-сынып оқушылары арасында байқау түрінде ұйымдастырылған. Үздік шыққан 20 жеткіншек елорданың туған күнінде бас қалаға тегін жолдама алды.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Төле би ауданында алғаш рет оқушылардың демалыс орны бой көтеріп, биыл 3 мың бала лагерьде демалады. Біркөлік шатқалында орын тепкен демалыс орнына 1-ауысымға 250 бала жолдама алған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды