«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін…

0 181

Астана

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуе­жайының автотұрағында төлем тарифтері өзгерді.

Ақтөбе облысы

Аймақтың Алға ауданын­дағы Бестамақ ауылы ма­ңынан ерекше балдырғандарға арналған жазғы лагерь ашылды. Бұл демалыс орнында жаттығу орындары мен инклюзивті алаңдар бар. Балалардың денсаулығын дәрігерлер күнделікті бақылап отырады. Яғни, жазғы демалыспен бірге ем қабылдау қатар жүргізіледі.

Түркістан облысы

Биыл «Серпін» жобасы аясында солтүстікте оқығысы келетін түркістандық жастарға 6 мыңға жуық грант бөлінген.

Қарағанды облысы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары кенді өлкенің Сәтпаев қаласынан радикалды діни топ әрекетінің жолын кесті. Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар тәркіленген.

Қостанай облысы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілмек.

Қызылорда облысы

Сыр бойында салынып жатқан шыны зауытының құрылысы биыл аяқталмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыс­тық мәслихаттың кезекті сессиясында айтқан.

Батыс Қазақстан облысы

Өңірде түрлі себептермен ата-анасының бас тартуына байланысты 1072 бала егілмей отыр. Бұл ақпаратты облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов мәлімдеді.

Маңғыстау облысы

Аймақта өткен алты айда 82 мыңға жуық қылмыстың беті ашылған.

Павлодар облысы

Керекуде «Қазақстанның үздік тауары – 2018» көрмесі өтуде. Биыл оған павлодарлық 50 кәсіпкер өз өнімдерін ұсынған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды