«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанадан ауылға дейін… [14 маусым]

0 155

Астана
Бас қалада алдағы 19-22 мау­сымда 25-інші дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді. Маңызы зор ауқымды шараға әлемнің 50 елінен іскер топ өкілдері мен ғалымдар қатысады деп күтілуде.

Алматы
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Алатаудың етегіндегі әсем қала Алматыға Оңтүстік Корея, Үндістан мен Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германиядан 130 мыңнан астам адам туристік сапармен келген.

Ақмола облысы
Осы аймақтағы су қоймаларында 50-ден аса қоғамдық күзет орны ашылмақ.

Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласында кезінде Үкімет басшысы болған белгілі мемлекет қайраткері, марқұм Нұрлан Балғымбаевқа мемориалды тақта ашылды. Ардақты азамат бір кездері осы өңірдегі «Ақтөбемұнай» бірлестігінің бас инженері қызметін атқарған.

Қостанай облысы
Биыл Қостанай қаласында балаларға арналған «Smart City» орталығы ашылады. Қа­зіргі күні жаңа орталықтың ор­наласатын жері анықталған. Жоба аясында балалар біздің елімізден басқа, ТМД аумағында кең тараған ноу-­хаулармен танысып, озық инновацияны меңгеретін болады.

Шығыс Қазақстан облысы 

Енді осы өңірдегі денсаулық сақтау мекемелері 1 шілдеден бастап қағазбастылықтан арылып, толықтай электронды форматқа көшеді.

Қарағанды облысы

Кенді өлкеде белгісіз біреулер ірі габаритті қоқыстарды шығаруға арналған жүк көлігін ұрлап кеткен. Көлік Бұқар жырау ауданында Үштөбе ауылы мен Құрылыс кентінің арасындағы далалы аймақта қолды болған.

Қызылорда облысы
Қызылордалық Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі 1-10 маусым аралы­ғындағы Түркияның төрт қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының 25 жылдық мерейтойы аясында түркі халықтарының өнер фестиваліне қатысып келді.

Солтүстік Қазақстан облысы
Облыс орталығындағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан заманауи оқу-зертханалық корпусы салынады. Бүгінде аталған оқу ордасында 5,5 мың жас бiлiм алады. Келесi жылы студенттердiң санын 7 мыңға дейiн ұлғайту көзделген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды