Астанадағы «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері кешенді аттестаттаудан қашан өтеді?

0 105

Ағымдағы жылдың қаңтары-маусымы аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестаттауы өтеді. Осыған орай Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлеріне осы тақырыпқа арналған семинар ұйымдастырылды. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тілеген Қаскин қатысып, аталмыш шараның мақсатын түсіндіріп берді.

erm_9269

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында отыз дамыған мемлекеттің қатарынан табылу межесін белгіледі. Осы жолда алғашқы реформа ретінде кәсіби мемлекеттік аппаратын құру қажеттігіне назар аударды. Реформаның ең басты мақсаты мемлекеттік қыз­мет көрсету сапасын арттыруға, мем­ле­кеттік қызметшілерінің жұмыс нәти­желілігін көтеруге бағытталады. Мемлекеттік қызметке нағыз кәсіби мамандар тұру керек. Себебі олар Елбасы ұсынған саясатты әрі қарай алып кетуі тиіс. Барлық жасалып жатқан реформалардың табыстылығы мемлекеттік қызметшілердің жұмы­сына тікелей байланысты» деді Тілеген Төлегенұлы.
Кешенді аттестаттау екі сатыдан тұрады. Алғашқы сатыда «Б» кор­пусының мемлекеттік әкімшілік қыз­метшілерінің құзыретін баға­лау және мемлекеттік қызмет құн­ды­лықтарын ұстану деңгейін анықтау мақсатында компьютерлік тестілеу бағдарламалары өткізіледі. Оның өзіне үш деңгей кіреді. Бірінші деңгейде аумақтық департаменттер мен қа­лалық басқарма басшылары, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы, қала әкімі аппараты басшысының орынбасары тестілеуден биылғы 1 ақпан күні өтіп, 2,6,7 ақпан күндері әңгімелесуге жіберіледі.
Екінші деңгейде қалалық басқарма басшыларының орынбасарлары, де­­пар­тамент пен басқармалардың құ­рылымдық бөлімшелерінің басшылары, бөлім басшылары, қала әкімі аппараты мен қалалық мәслихаттың бас маман­дары мен жетекші мамандары, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан бөлімінің басшылары 6,7,8 ақпан күндері тестілеуден, ал 9-20 ақпан аралығында әңгімелесуден өтеді.
Осы мерзімде департаменттер мен басқармалардың құрылымдық бөлім­­шелерінің басшыларына, аудан әкімдерінің аппарат басшыларына, бас мамандары мен жетекші мамандарына тестілеу мен әңгімелесу өткізіледі. Бұл – үшінші деңгейде атқарылатын шаралар.
Екінші сатыда аттестаттау комис­сия­сы әңгімелесу жүргізеді. Соның қорытындысында лауазымға тағайын­дау, қызметін төмендету немесе жо­ға­рылату, қызметтен босату жөнінде шешімдер шығарылады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 5 =