Астанадағы «алтын» гүлдер

0 177

Астанадағы «Көрме» орталығында «AstanaFloraExpo – 2013» атты гүлдер, ландшафт  сәулеті мен дизайнның  IV Халық­аралық көрмесі ашылды. Оның аясында алғаш рет «Алтын гүл – 2013» чемпионаты өтеді. Көрмеге 30 отандық және 40-тан астам шетелдік компания қатысуда. Олардың ішінде Германия, Голландия, Колумбия, Ресей, Түркия, Франция, Эквадор сияқты елдердің гүл өсіру және дизайн фирмалары бар.

Олар саябақ құрылысы, ландшафт сәулеті мен көгалдандыру саласындағы бүгінгі флористика үрдістерін көрсетпек. Көрме аясында алғаш рет коттедждер мен қала сыртындағы үй-жайларды абаттандыруға арналған «Village» экпозициясы ашылды. Сондай-ақ көрме аясында тұңғыш рет «Алтын гүл-2013» атты Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − six =