Астанадағы №1 Индустриалдық парк аумағында 62 инвестициялық жоба іске асырылуда

0 111

f2067fad2d969444170be373e705b49d

Инвестициялар

Статистика органдарының мәліметтеріне сәйкес 2015 жылы Астана қаласы бойынша негізгі капиталға инвестиция 772701,6 млн. теңгені құрады. 2015 жылдың есептік кезеңіндегі негізгі капиталға нақты инвестиция көлемінің индексі 2014 жылдың сәйкес мерізіміне 115,1% құрады.

Қаржыландыру көздері бойынша 2015 жылы негізгі капиталға инвестициялар құрылымының 55,2% кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаттары алып отыр, бюджеттік қаражат үлесіне 29,9% келіп отыр, банк несиелері – 4,9%, басқа қарыздық қаражаттар 10,0% құрайды.

Инвестициялардың негізгі капиталға негізгі құрамдауышы құрылыс-монтаждық жұмыстар және күрделі жөндеу болып табылады. 2015 жылы аталмыш көлем 517558,2 млн.теңгені немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 67,0% құрады.

Бүгінгі күні «Астана – жаңа қала» АЭА №1 Индустриалдық парк аумағында 62 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2015 жылы №1 Индустриалдық парк аумағына сомасы 33,5 млрд. теңге 16 инвестициялық жоба тартылды. 28 кәсіпорын пайдалануға берілді, оның ішінде 2015 жылы – 7.
№1 Индустриалдық парк бойынша игерілген инвестициялар көлемі 112,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2015 жылы – 36,5 млрд. теңге.

2015 жылы «Астана – жаңа қала» АЭАFinancial Times тобына кіретін FDI Magazine және FDI Intelligence рейтингтерінің 3 номинациясын ұтып алды:
«Сommended For» new investment -жаңа инвестциялар «Наградасы», «Winner Central Asia Overall» – Орталық Азия Жеңімпазы, «Honourable Mention Asia Overall» – Азияның Құрмет Дипломы.

«AstanaInvest 2015»VIХалықаралық инвестициялық Форумының қорытындылары бойынша сомасы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрайтын 33 Меморандумға қол қойылды. Бұл ауыл шаруашылығы, сактандыру, электрлік жабдықтау, ШОБ дамыту, көлік, телекоммуникация, газбен жабдықтау, жиһаз өндіру, лизинг, консалтингілік қызметтер, ғылыми-инновациялық қызметтер салаларында бір жобадан, азық-түлік өнімдерін өндіру, қауіпіздік, коммуналдық шаруашылықта 2-ден, қаржылай қызметтер – 6, құрылыс материалдарын және жабдықтарды өндіру – 7, құрылыс – 3.

2014-2015 жылдары Астана қаласының денсаулық сақтау және көліктік инфрақұрылым салаларында концессия сызбасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары әзірленді. 3 дәрігерлік амбулатория салу және пайдалануға беру; Астан қаласының №1 қалалық емханасын қайта салу және пайдалануға беру.
Көрсетілген жобалар бойынша қажетті құжаттар әзірленді (концессионалдық ұсыныстар, конкурстық құжаттамалар, концессия шарттарының жобалары).
Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы сараптама және келісуді өткізді.

Бюджеттік комиссия отырысын және конкурс алды процедураларды өткізу қорытындылары бойынша жеке әріптестерді таңдау бойынша конкурстар жарияланады (шамамен 2016 жылдың басы).
Көліктік инфрақұрылым жобалары:
2 паркинг салу және пайдалануға беру;
2 автовокзал салу және пайдалануға беру.
Аталмыш концессионалдық жобалар бойынша сәйкес құжаттамалар әзірленді, қажетті сараптама және келесімдер өткізілді.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың қараша айында «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол инвестициялық жобаларды іске асыру тәсілдерін кеңейтеді.

Аталмыш заң шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Бұл әлеуметтік жобалар – жедел жәрдем қызметі станциясы, емханалар, балабақшалар, мектеп аумағындағы жабық футбол алаңдары. Сондай-ақ, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бар емханаларды жеке сектордың сенімгерлікпен басқаруына беру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, инвестицияларды тарту шеңберінде 2015 жылы келесі жұмыстар жүргізілді:
Инвестициялар және Астана қаласының бизнес-ахуалын жақсарту бойынша Комиссия (инвестициялық комиссия) құрылды, оның жұмысы шеңберінде «AstanaInvest 2015»VI Халықаралық инвестициялық форумы Астана қаласының инвестициялық ұсыныстары көрмесінде көрсетілген Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінің инвестициялық жобаларының базасы құрылды.База, білім, денсаулық сақтау, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, туризм, инновациялар, өнеркісіптің өңдеу және мұнайхимиялық саласында қаржыландыруды қажет ететін 60 инвестициялық жобаны есептеп отыр.
Елорданың инвестициялық дамуы жөніндегі www.investinastana.kzвеб-сайтын тұрақты негізде жандандыру және қолдау жүргізіліп отыр. Әлеуетті инвесторларға қаржыландыруды қажет ететін инвестициялық жобалар базасы жаңартылып жолдануда. Елорда брендін шетелде жылжыту мақсатында Астана қаласының инвестициялық тартымдылығы туралы бейнеролик дайындалды.

2015 жылы Чехия, Сингапур, Швеция, Тай Әмірлігі, Италия, Ресей, Қытай, Түркия, Франциядан әлеуетті инвесторлар, сондай-ақ Еркін экономикалық аймақтар Бүкіләлемдік ұйымдарының, Азия даму банкінің және т.б. уәкілдері үшін елорданың инвестициялық мүмкіндіктері көрсетіле отырып, 18 инвестициялық тур өткізілді, оның ішінде №1 Индустриалдық парк нысандарына бару. Инвестициялық іс-шаралар барысында әлеуетті инвесторлар арасында инвестициялық жобалар базасы таратылды.

2015 жылдың шілде айында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы World Free Zone Organization өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «ТorosAdana» Түрік Республикасының арнайы экономикалық аймағынан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын, инвестицияларды тарту бөлігіндегі өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Ағымдағы жылдың қазан айында «Голешов» Стратегиялық өнеркәсіп аймағымен компаниялар арасындағы экономикалық әріптестікті дамыту, инвестицияларды тарту, МЖӘ сызбасы бойынша жобаларды дамыту және ақпаратпен алмасу бөлігіндегі өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек, 2015 жылы «Shandong Zhongz heng Properties limited», «24 Canal France», «A&NGlobaltrade», «SamsungSDS», Solarluce, CasaAlBano, WorldBank, Sovico Holding Kazakhstan, СLAAS, Frapol, Sustainable Waste Treatment, Solarluce, DFence,Polymir, Ecosunexpert, BAOSTEEL, «OHLZS» жобалар мен инвестицияларды дамытудың халықаралық корпорациясы сияқты шетелдік компаниялармен 50 кездесу өткізілді, онда Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерлері өткізілді және инвесторларды мемлекеттік қолдау (жеңілдіктер) құралдары түсіндірілді.

Инвесторлардың, мемлекеттік органдар мен даму институттары уәкілдерінің қатысуымен Астана қаласы аумағындағы инвестициялық қызмет мәселелерін түсіндіру бойынша 6 дөңгелек үстел өткізілді:
15 инвестициялық форумға қатысты, олардың шеңберінде әлеуетті инвесторлармен байланыс орнатылды, Астана қаласының инвестициялық ұсыныстар базасы таратылды, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының бар жеңілдіктері түсіндірілді.

Қаржылай институттармен әріптестік бойынша жұмыс жүргізілуде. 8 қаржылай ұйымның басшыларымен кездесулер өткізді, оның ішінде ЕҚДБ.
Кездесу қорытындылары бойынша қаржылай ұйымдардың уәкілдері әріптестікке деген қызығушылықтарын білдірді және жобаларды іске асыруға мүдделі инвесторлармен жұмысты бастауға дайын екендіктерін айтты.

Инновациялар

2014 жылы инновациялар саласындағы барлық жобалар бойынша ірі кәсіпорындар арасында белсенділік байқалып, 40,8%-ды құрады (142 есеп берген ірі кәсіпорындардың 58-і инновациялық қызметпен айналысқан).

Инновациялық өнімнің көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 4,7%-ға артып, 125,5 млрд. теңгені құраған, оның 99,7 млрд теңге сомасына өнім өндірілді. Экспортқа жіберілген инновациялық өнімнің көлемі 8,5 млрд. теңгені құрайды.

2014 жылы ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ішкі шығындар былтырғы жылмен салыстырғанда 4,6%-ға артып, 10,2 млрд. теңгеге жеткен. Жалпы ішкі шығындар көлемінде қолданбалық зерттеулерге бөлінетін шығындар – 62,1% , фундаменталдық зерттеулерге – 29,6%, және тәжірибелік-конструкторлық зерттемелерге – 8,3% жұмсалған.

Тұрақты негізде инновацияларды дамытуды қолдаудың негізгі тетіктерін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, бизнес-кездесулер ұйымдастырылады.

Интеллектуалдық байланыс орталығы (ИБО)

Астана қаласының интеллектуалдық байланыс орталығын (бұдан әрі – ИБО) құру және дамыту шеңберінде 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орталықты толығымен тәжірибелі қолданысқа беру аяқталды.
Мақсаты – Астана қаласы әкімдігі көрсететін қызметтердің сапасын арттыру.

ИБО міндттерінің қатарында:
Астана қаласы тұрғындарының коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы, жергілікті мемлекеттік қызметтер мен Астана қаласы әкімдігінің қызметімен байланысты өзге де мәселелерге қатысты өтініштерін қабылдаудың бірыңғай орталығын құру;
барлық өтініштерді бекітілген қарастыру мерзімдері мен қарау басымдылығын ескере отырып, тез әрі сапалы өңдеуді қамтамасыз ету;
әр түрлі өзара әрекеттесу нысандарын қамту: телефон, электрондық пошта және web-портал арқылы.

Бүгінгі таңда ИБО функционалымен бір мезетте тұрғындардың 90-ға дейін өтініштерін қабылдау мүмкіндігі көзделген, сондай-ақ оқу орындарындағы сабақтардың болмауы туралы ақпаратты оператордың қатысуынсыз автоматты түрде ұсынуға мүмкіндік беретін реттелетін IVR функциясы енгізілді.

МБО өндірімділігінің өсуіне байланыс арналарының артуы және жаңа ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері (бірыңғай оператор терезесі) әсер етті.
Бұған қосымша тұрғындар өз өтініштерін Facebook, Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде #astana109» хэштегін көрсету арқылы да бере алады
1. «Smart емхана»Жоба мақсаты ішкі және сыртқы процесстерді автоматтандыру есебінен медициналық қызмет сапасын арттыру болып табылады.
Медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) Шевченко көшесі, 1-үй мекен-жайы бойынша орналасқан «№4 қалалық емхана» ШЖҚ РКК енгізілді және мекеменің медициналық, есепке алу және қаржылай қызмет салаларын қолдайды, сондай-ақ толыққанды зертхана жүйесін, қоймалық есепке алу жүйесін (реагенттер, дәріхана және т.б.) қамтиды.

2015 жылғы 29 маусымда пилоттық жоба тәжірибелік пайдалануға берілді.
«Smart емхана» МАЖ арқылы барлығы 25 мыңнан астам емделушіге қызмет көрсетілді, олардың ішінде терминал арқылы қабылдауға жазылғандар – 750, портал арқылы – 120. Саны 363 адам емхана қызметкерлерін оқыту жүргізілді, емделушіні қарау хаттамаларының 650-ден астам түрі жүктелді.
2015 жылы пилоттық жобаны іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылды.

2016 жылы жеке инвестицияларды тарту есебінен жобаны ауқымдандыру жоспарланып отыр.
2. «Smart мектеп» Жоба мақсаты Астана қаласының мектептерінде қауіпсіздікті, жайлылықты қамтамасыз ету және процесстерді автоматтандыру болып табылады. Аталмыш жоба келесі негізгі компоненттерден құралған: қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі, бейнебақылау, е-кітапхана, е-асхана және жеке кабинет.
2015 жылғы 24 маусымда пилоттық жоба тәжірибелік пайдалануға берілді.

Жоба «№3 мектеп-гимназиясы» ММ және «№15 мектеп-лицейі» ММ пилоттық алаңдарында жұмыс істеуде, оқушыларға 3200 дана карточка берілді.
Бұдан бөлек, ата-аналарды SMS ақпараттандыру және е-асхана қызметтеріне 1200 аса ата-ана мен оқушы қосылды, 12 000 астам хабарлама жолданды.
Жобаны іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылды.

2016 жылы жеке инвестицияларды тарту есебінен жобаны ауқымдандыру жоспарланып отыр.
3. «Smart көше жарығы» Жоба мақсаты көшедегі жарықтандыру құрылғыларын қуаттылықты реттеуішпен жабдықтау жолымен көше жарығының энергиялық тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады – көше шамдарын реттеу және көшені жарықтандырудың пайдалану шығындарын азайту.
Пилоттық жоба Астана қаласы, Есіл ауданындағы Еңбекшілер көшесі бойында іске асырылды, оның нәтижесінде 43 дана ескі шамдарды демонтаждау және жаңа LED шамдарды монтаждау жүргізілді.
2015 жылғы 19 маусымда пилоттық жоба тәжірибелік пайдалануға берілді.
Саны 30 177 шам көшелерді жарықтандыру және саны 17 542 шам паркті жарықтандыру нысандарын тексеру жүргізілді.
Жобаны пайдалану уақытында 2015 жылғы 19 маусым мен 31 желтоқсан аралығындағы мерзімде электр энергиясын пайдалану бойынша үнемдеу 2014 жылдың сәйкес мерзімінің 60% құрады.
2015 жылы пилоттық жобаны іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылды.

Жобаны қала аумағында ауқымдандыру барысында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.
1. «SmartPayments»Тұрғынның бірыңғай картасы концепциясы шеңберінде «Smart payments» Бірыңғай төлем құжатын (бұдан әрі – БТҚ) құру бойынша негізгі жоба болып табылады. Жоба мақсаты барлық төлемдерге бір шот құру болып табылады: коммуналдық, байланыс және телевидение қызметіне төлем, айыппұлдар, салық.
Ағымдағы жылдың сәуір айында жоба пилоттық пайдалануға берілді.
2015 жылы пилоттық жобаны іске асыру үшін жеке инвестициялар тартылды.
2016 жылы жеке инвестицияларды тарту есебінен жобаны дамыту жоспарланып отыр.
4. «Smarttickets»Жоба мақсаты – Астана қаласының мәдениет және спорттық іс-шараларына билеттер сатуды автоматтандыру, олардың қолжетімділігін, қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсету сапасын арттыру.
«Smart tickets» жобасын іске асыру халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға, елорда тұрғындары мен қонақтарының кассаға бару уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, мекемелер қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
2015 жылы «Smart tickets» жүйесіне 10 мәдениет нысаны қосылды.
2016 жылы жеке инвестицияларды тарту есебінен қосымша нысандарды қосу жоспарланып отыр.
5. «Тыныс-тіршілікті кешенді қамтамасыз ету жүйесі» (бұдан әрі – ТТКҚЖ). ТТКҚЖ жобасының мақсаты Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін жалпы қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ қылмыстар санын барынша азайту болып табылады. Қосымша мақсаттары тежеу шараларын және нақты уақыт режимінде мониторингілеуді арттыру, қылмысты ашу мәліметтерін іздеу және талдау үшін технологиялық құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ инвестициялық тартымдылық деңгейін көтеру үшін бұдан әрі даму мен жайлы жағдайға қол жеткізу шеңберінде инфрақұрылым құру болып табылады.

Қазіргі уақытта ТТКҚЖ жүйесіне 348 бейнебақылау камералары және жол жүру ережелерін фотобейнетіркеудің 96 камерасы қосылған. ТТКҚЖ қалалық басқару орталығында Астана қаласы ІІД қызметкерлерінің оперативті жағдайды тәулік бойғы мониторингілеуі ұйымдастырылды, олар 2015 жылы бейнебақылау жүйесімен қамтылған аудандарла 4 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді.

AstanaInvest 2015 Халықаралық инвестициялық форумын өткізу шеңберінде ТТКҚЖ жобасын іске асыру бойынша жеке инвестицияларды тартуға меморандумға қол қойылды.

astana-akshamy.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 1 =