Астанада Жасырын сиқыршылар мектебі бар ма?

0 181

Ақпарат көзі жасырын түрде жұмыс істейтін сиқыршылар мек­флас­­­қанын жазбаған. Тек Валерий деген сиқыршының оқушы­ларды сиқырдың қыр-сырына баулитынын айтқан. Бұл мектепте жеткіншектер экстрасенстық әлемге де терең бойлаумен қатар, шөппен емдеуді де үйренетін көрінеді.Әрине, елордалық оқушылар си­­қыршылық өнерді меңгеріп, Балтабек, Раиса Жұмағұловтар, Ал­ты­най Байтоқановалар секілді әлем­ге танылып жатса, несі айып? Бірақ елді алаңдатқаны бұл емес, сиқыр­шы­лар мектебінің жасырын жұмыс істеуі еді. Егер ісінде қандай да бір кілти­пан болмаса, ол неге жұмысын құпия жүргізеді? Осыдан бірнеше жыл бұрын Литвада осындай си­қыршылар мектебі ашылғанда, жергілікті діни басқарма оны құп­тамайтынын аңғартқан. Бірақ бұл мектеп өзінің жұмысын ашық түрде жүргізіп, оқығысы келген оқу­­шы­ларды тек ата-анасының рұқ­са­ты­мен қабылдаған. Соның өзінде билік өкіл­дері алаңдаушылық та­нытқан. Ал елордадағы мектептің бары рас болса, оның қандай бағыт-бағдар ұстанатыны, мақсат-мүддесі не екен­дігі беймәлім. Әрі мұнда ежелгі мы­сырлық және римдік мис­териялар туралы да айтылатын кө­рінеді. Бұл – тікелей дінмен байланысты ілім.

Астанадағы жасырын сиқыр­шылар мектебі төңірегіндегі әңгіме елордалық Білім басқармасы ма­мандарының да құлағына жетіпті. Осы мекеменің әдіскері Зәмзәгүл Кенжеахметованың айтуынша, елордада мұндай мектептің болуы мүмкін емес, бұл – шындыққа жанас­пайтын қауесет сөз. Ақпарат таралысымен Білім басқармасы күллі мектептерге шығып, басшылар мен олардың тәр­бие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жеткшілерінің әдістемелік бірлестігіне, мектеп инс­пекторлары мен психологтарға оқушылармен сөйлесіп, олардың жүріс-тұрысын ба­қылауға алуға, ата-аналармен тығыз жұмыс істеуге тапсырма берген.

– Бізде аптасына екі рет тәрбие жұ­мыстары жөнінде арнайы жиын өтеді. Атқарылған жұмыс­тардың нәти­жесін осы бас­қосуда талқы­лай­мыз.

Жасырын жұ­­мыс істейтін си­­қыр­шы­лар мек­тебі мәселесі де ке­ңі­нен сөз болып, бақылауды күшейт­тік. Бірақ еш­қандай айғақ­тар та­был­­ған жоқ. Оқушыларымыздың бойынан да оғаш қылық пен күдік туғы­затын жағдайларды көрген жоқ­пыз. Сон­дық­тан бұл әңгіме шын­дыққа еш жанаспайды, – дейді Зәмзәгүл Сейіт­қызы бізге берген түсініктемесінде.

Дегенмен де «Сақтықта қорлық жоқ». Қазіргі таңда ағылшын жазушысы Джоан Роулингтің ойдан құрастырған кейіпкері Гарри Поттерге еліктегісі келетін жеткіншектер баршылық. Балаларымыз зұлым күшті си­қырлық қасиетімен жеңген бри­тандық балаға ұқсаймын деп адасып, жасырын үйымдарға мүше болмасына кім кепіл? Сондықтан ата-аналар балаларының бос уақытын қалай, кіммен өткізетінін біліп-сұрап, жүріс-тұрысын бақылап отырғаны артық болмас.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + 19 =