Астанада «Улы түтіннен сақтан» акциясы басталды

0 91
Астанада 1 қарашада «Улы түтіннен сақтан» акциясы басталды. Елорданың ТЖ Департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын өздерін және жақындарын «тілсіз жаудан» қорғау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
tutin

Құтқарушылардың мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың 10 айында Астанада 595 өрт оқиғасы тіркелген, онда 16 адам қаза тапты.

Өрт оқиғаларының жиілеп кетуіне және адам қазасының көбеюіне байланысты Астана қаласының ТЖ департаменті пешпен жылыту жүйесіндегі ақау бөлмеге уытты өнімдердің таралуы нәтижесінде улы түтіннен улануға алып келуі мүмкін.

Жыл сайын суық түсіп, жылыту маусымының жақындауына байланысты өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланады, оның шеңберінде департамент қызметкерлері үйлерді аралап, рейд өткізеді. Тексеру барысында пештердің және түтін мұржаларының құрылысына баса назар аударылады. Бұзушылықтар байқалатын болса, үй қожайындарына оларды жою бойынша кеңестер беріліп, жаднамалар табыс етіледі. Сондай-ақ, құтқарушылар сақтық шаралары туралы айтып, улы түтіннен зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережелерін түсіндіреді.

astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =