Астанада сайлау учаскелері ашылды

0 131

Бүгін таңертең сағат 07.00 елордада 178 ашық сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, олар сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бүгін барша Қазақстан бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Астанада 405233 сайлаушы тіркелген. Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен биыл 26 жаңа сайлау учаскесі құрылды. Сонымен қатар, сайлаушыларға ыңғайлы болуы үшін әрбір сайлау учаскесінде шағын халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

ХҚКО елорда тұрғындарын қандай да болмасын сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мекенжай анықтамаларын беретін болады.

«Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдіктерінің, Ауыл шаруашылық, сондай-ақ, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының күшімен 91 сайлау учаскесіне тиісті аумақта қалалық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің және кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңкелер ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Әдеттегідей, бірінші болып келген сайлаушылар, алғаш рет дауыс беретіндер, сондай-ақ, 20 наурызда туған күнін атап өтетін азаматтарға естелік сыйлықтар беріледі.

Бүгін барлық санаттағы азаматтар үшін барлық санаттағы қоғамдық көлікпен жол жүру тегін болады.

astana-akshamy.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 3 =