Астанада қылмыстың төмендегені байқалады

Дерек пен дәйек

0 206

Астана қаласында жалпы криминогенді ахуал бойынша қылмыстың төмендегені байқалады.

Соңғы үш айдың ішінде қылмыстың деңгейі 33%-­ға азайған. Ізі суып үлгермеген 87 қылмыс ашылса, сот пен тергеу амалдарынан қашып жүрген 14 қылмыскер ұсталды. Із­-түзсіз жоғалған алты адам табылып, 27 адам уақытша тергеу изоляторына қамалған екен.

Қалалық департаменттің мәліметіне сүйенсек, елорда кө шелеріндегі бейнебақылау камераларының көмегімен 16 қылмыс пен 1 369 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жол қозғалысы ережесін бұзған 1480 дерек тіркелсе, ол бойынша 6 миллионнан астам айыппұл салынған.

Заңсыз көші­-қонның алдын алуда мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 233­і сот тәртібімен елден шығарылды.

Сондай­-ақ Шарын, Шанхай базары, «Артем» сауда орталықтарын тексеру кезінде қолданыстағы ережені бұзған 59 шетелдіктің елде болу мерзімдері қысқартылды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 17 =