Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бақылауда

0 76

Астанада лаңкестік қауіпсіздіктің «сары» деңгейі жалғасуда. Лаңкестік қауіпсіздіктің «сары» деңгейі кезінде ақыл-кеңестер ұсынылады.

Құрметті қала тұрғындары мен елорда қонақтары!

Полиция қызметкерлерінің тексерісіне түсіністікпен қарап, оларға көмек көрсетіңіздер. Сонымен қатар,сөмке, қораптар, бумаларға, қаптарға, шабадандарға, әсіресе, шығып тұрған сымдар мен техникалық құрылғыларға және қоғамдық орындар мен көліктердегі күмәнді адамдарға назар аударыңыздар.

Күмән тудыратын заттарды сақтауға немесе тасымалдауға алмаңыздар.

Басқа да айналадағы азаматтарға тасталған заттарға жолаудың қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіріңіздер.

Ағымдағы жағдай туралы жаңалықтарды бақылап отырыңыздар.

Әуре-сарсаңға жол бермеңіздер. Тұрғындардың мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесет сөздерге мән бермеуін өтінеміз.    Естеріңізге сала кетсек, жалған ақпарат туралы хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

         Егер күдік тудыратын құрал тапқан болсаңыздар тез арада 102 нөмеріне, Астана қаласы ІІД Кезекшілік бөліміне 71-60-10, 71-61-10 телефонына хабарласуларыңызды өтінеміз.

Ақпарат Астана қаласы ІІД, Астана қаласы әкімдігінің аккаунты, әлеуметтік желілерге twitter.com/astana_akimat, facebook.com/astanaakimat, instagram.com/astana_akimat  шығады.

Астана қаласы ІІД Баспасөз қызметі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + seventeen =