Астанада өтіп жатқан ISO Халықаралық стандарттау ұйымының Форумы бүгін аяқталады. Форумда Қазақстанға 2016-2020 жылдар аралығында ISO стратегиясын кешенді енгізу, елдердің халықаралық стандарттауды қолданған кездегі мүмкіндіктерін ұлғайту, әлемнің көптеген елдерінің кәсіпорындарының тәжірибелерін үйрену сынды мәселелер қаралды.