«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Астанада «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтуде

0 310

 Астанада Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVІІІ съезі өтуде, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Съезддің күн тәртібінде бірнеше мәселені қаралуда.  Атап айтқанда, партияның 20 жылдығына орай өткізіліп отырған съезде партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу және саяси кеңес пен орталық бақылау-тексеру комиссиясының есептік кезеңдегі жұмыс қорытындылары талқылануда.

Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланатын болады. Съезд жұмысына 2 мыңға жуық адам қатысуда. Олардың 1200-і  еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттар, ал қалған 800-ге жуығы – қонақтар.

Айта кетсек, кеше партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен партия саяси кеңесінің отырысы өткен болатын.

Оған саяси кеңес мүшелері, соның ішінде ҚР Парламентінің депутаттары, атқарушы мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері және тағы басқалар қатысты.

Кеңес отырысында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарлама жобасы талқыланды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды