АСТАНАДА НАПОЛЕОН ӨМІРІ ТУРАЛЫ КӨРМЕ ӨТЕДІ

0 191

chapeau-de-napoleon-guerАстана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында 20 желтоқсан күні «Наполеон. Өмір. Аңыз» атты көрме ашылады, деп хабарлайды astana.kz сайты. Бұл Қазақстандағы Франция жылы аясындағы  қорытынды шара болып табылады.

ҚР Ұлттық мұражайы, Қазақстандағы Франция елшілігінің бастамасымен Наполеон қоры және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін көрме-экспозиция 9 бөлімнен тұрады. Көрмеде Францияның ұлы тарихи қайраткері  Наполеонның ғұмыры мен қызметіне арналған шамамен 300 экспонат көрермен назарына ұсынылмақ.

Көрменің салтанатты ашылуы 2013 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 17.00-де Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − 6 =