АСТАНАДА МҰҚТАЖ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

0 179

tog_aut12_03_960x540«ҚР Тәуелсіздік күніне орай мұқтаж зейнеткерлерге, яғни еңбек өтілі болмағандықтан ең төмен көлемде зейнетақы алатын азаматтарға 3 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі» деп хабарлады  astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жергілікті бюджет қаржысы есебінен 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаға қатысқандардың ішінен оқиғалар кезінде қасақана кісі өлтіргендер мен милиция қызметкерінің, халық жасақшыларының өміріне қастандық жасағандардан басқа (оларға қатысты қазіргі қылмыстық істерді қайта қарау тәртібі сақталады), саяси қуғын-сүргін құрбандарына 20 мың теңге көлемінде бір реттік ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × three =